• Менің таңдаулыларым
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Назар аударыңыз! Құжат 14.12.2025 бастап күшіне енеді

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 80 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда № 37505 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау жəне
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 80 қаулысымен
бекітілді
  • 1
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарын, тiзбесiн, кезеңділiгі мен оны ұсыну мерзімін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Есептілік Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның орналасқан жері бойынша) Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынылады.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде есептілікті жүктеу кезінде нысанішілік және нысанаралық бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік және нысанаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда ақпараттық жүйе есептілікті қабылдамайды.
4. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер есепті күнге «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) 2-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.
5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым клиентінің және (немесе) контрагентінің резиденттігі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
6. Есептілікте деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
7. Есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Теріс сома болған кезде модуль бойынша арифметикалық дөңгелектеу қолданылады; кейіннен қосу арқылы мыңның бірінші таңбасына дейін біріктіріледі, орташа мәнді және үлестерді есептеу кезінде кейіннен мыңға дейін дөңгелектеу арқылы теңгемен есептеу қолданылады
8. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
9. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
10. Мәліметтер болмаған жағдайда есептілік нөлдік мәндермен ұсынылады.
2-тарау. Микроқаржы ұйымдарының есептілікті ұсыну тәртібі
11. Микроқаржы ұйымы есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін (қоса алғанда), ай сайын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (орналасқан жері бойынша):
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық тәсілмен берілген микрокредиттер (онлайн микрокредиттер) және олар бойынша анықталған алаяқтық фактілері туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген қарыздар (микрокредиттер) бойынша, оның ішінде өңірлік және салалық бөліктегі өзгерістер туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымының микрокредиттері, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есепті ұсынады.
12. Микроқаржы ұйымы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне (қоса алғанда) дейін, тоқсан сайын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (орналасқан жері бойынша):
1) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есепті;
2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есепті;
3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есепті;
4) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді жіктеу туралы есепті;
5) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді жіктеу туралы есепті ұсынады.
3-тарау. Кредиттік серіктестіктердің есептілікті ұсыну тәртібі
13. Кредиттік серіктестік есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін (қоса алғанда), тоқсан сайын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (орналасқан жері бойынша):
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген қарыздар (микрокредиттер) бойынша, оның ішінде өңірлік және салалық бөліністегі өзгерістер туралы есепті;
2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есепті;
3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есепті;
4) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік серіктестік жеке және заңды тұлғаларға берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есепті;
5) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есепті ұсынады.
4-тарау. Ломбардтардың есептілікті ұсыну тәртібі
14. Ломбард есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін (қоса алғанда), тоқсан сайын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (орналасқан жері бойынша):
1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есепті;