• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 236-VIII

Редакция 20.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
26-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «мектептер,» деген сөзден кейін «мектепке дейінгі ұйымдар,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бала асырап алу кезінде – оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.»;
4) тармақша «қамқоршы» деген сөзден кейін «, патронат тәрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;
11) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;»;
14) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Егер бала асырап алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.»;
2) 103-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «2-тармағында» деген сөздерден кейін «және 3-тармағының екінші бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «қамқоршы» деген сөзден кейін «, патронат тәрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;
9) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;»;
12) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмағандарға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде – олардың туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Егер кәмелетке толмаған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
Кәмелетке толмаған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға тілек білдірген адаммен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.»;
4) 126-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетел азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындауының бүкіл кезеңі ішінде осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуге міндетті.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншыларды немесе қамқоршыларды осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мәліметтер алу арқылы тексереді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар оларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға ұсынуға міндетті.»;
5) 129-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «қайтарылған» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабының 1 және 6-тармақтарында көзделген ережелер бұзылған» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
3-тармақтың 1) тармақшасы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақ «осы баптың 4,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«Осы Кодекстің» деген сөздер «Осы бапты, осы Кодекстің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«131-1-бабын, 154-бабының 2-тармағын және 157-бабын» деген сөздер «131-1, 144-4, 154 және 157-баптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(қызметтер көрсету басталғанға дейін және оларды көрсету кезеңінде)» деген сөздер алып тасталсын;
«(объектілерін)» деген сөзден кейін «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы және баланың құқықтарын қорғау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың бірінші бөлігі «11) тармақшаларында,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;