Toggle Dropdown
Коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 87 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37565 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 4-тармағының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«4. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер есепті күнге «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 87 қаулысымен
бекітілген
Коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну қағидалары
1. Коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, ұсыну кезеңділігі мен мерзімін қоса алғанда, коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Есептілік Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша) Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынылады.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде есептілікті жүктеу кезінде нысанішілік және нысанаралық бақылау жасалады. Нысанішілік және нысанаралық бақылау кезінде қателер табылған жағдайда ақпараттық жүйе есептілікті қабылдамайды.
4. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер есепті күнге «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысында мен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.
5. «Резидент» және «бейрезидент» деген ұғымдар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
6. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында – теңгемен көрсетіледі.
7. Есептілікті жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
8. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін коллекторлық агенттіктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
9. Коллекторлық агенттіктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
10. Мәліметтер болмаған жағдайда есептілік нөлдік мәндермен ұсынылады.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
11. Коллекторлық агенттік Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (өзінің орналасқан жері бойынша) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей мыналарды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті сотқа дейін өндіріп алу және талап ету құқығын басқаға беру шарттарының саны туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс істеуге қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңында жұмыс істеуге қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңында қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта құрылымдау жүргізілген қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есепті;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиторлар бөлігінде міндеттемелердің құрылымы туралы есепті;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктің негізгі қаржылық көрсеткіштері туралы есепті;
9) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың берешегін реттеу нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Коллекторлық агенттіктің
есептілікті ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: берешекті сотқа дейін өндіріп алу және талап ету құқығын басқаға беру шарттарының саны туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: КА_2.1_3.1
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: коллекторлық агенттік
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:___________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде