Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37571 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 17.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілген:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсты өткізу қағидалары;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызметті цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін қолданыста болатын 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазықбай
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 196
бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – ішкі конкурс).
Toggle Dropdown
2. Ішкі конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар мемлекеттік орган өткізеді.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшін конкурстық комиссияны қалыптастырады.
Toggle Dropdown
4. Конкурстық комиссияның шешімі бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған ішкі конкурстар функциялары, өкілеттіктері мен штат сандары қандай да бір өзгерістерге жатпайтын мемлекеттік органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурстарды қоспағанда, оларды өткізудің кез келген кезеңінде жойылады.
Toggle Dropdown
6. Денешынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына ішкі конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында ішкі конкурсқа қатысушыларды дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi органмен келісудің кезеңін қамтиды.
Toggle Dropdown
Келісудің теріс нәтижесі бар қорытынды кандидаттарды конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды.
Toggle Dropdown
7. Азаматтар ішкі конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Toggle Dropdown
8. Ішкі конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетілген тиісті талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органға осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары ішкі конкурс қатысушылары болып табылады.
Toggle Dropdown
10. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген ішкі конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Конкурстық комиссия кандидаттармен әңгімелесуді өткізеді және олардың арасынан бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады немесе бос лауазымдарға қабылдаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
Toggle Dropdown
12. Конкурстық комиссия осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен тиісті мемлекеттік органның басшысымен немесе аппарат басшысымен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
13. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық комиссияның құрамын бекіткен адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Toggle Dropdown
14. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссия осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Toggle Dropdown
Бірыңғай конкурстық комиссияның төрағасы бірыңғай конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Toggle Dropdown
15. Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшелерінде бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссия орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
Toggle Dropdown
Бірыңғай конкурстық комиссияның төрағасы бірыңғай конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болып табылады және осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамның шешімі бойынша тағайындалады.
Toggle Dropdown
16. Конкурстық комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттік органда және оның ведомствосында құрылатын конкурстық комиссияның құрамына саны конкурстық комиссияның үштен бірінен кем емес түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосылады.
Toggle Dropdown
17. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген адамдар, ішкі конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында, 14-тармағының бірінші бөлігінде, 15-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) анықтайтын өзге адамдар енгізіледі.
Toggle Dropdown
Аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары лауазымына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының орынбасары лауазымына орналасуға ішкі конкурс, конкурстық комиссияның құрамына осы ауданның, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының немесе осы атқарушы органның өкілін қоса отырып, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының конкурстық комиссиямен немесе бірыңғай конкурстық комиссиямен өткізіледі.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысының лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.
Toggle Dropdown
18. Бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына аталған комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың не мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.
Toggle Dropdown
19. Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға ішкі конкурстар өткізу үшін құрылатын конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысуға құқылы.
Toggle Dropdown
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға ішкі конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті.
Toggle Dropdown
Орталық атқарушы органмен немесе оның ведомствосымен сұрау түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілісіз құрылады.
Toggle Dropdown
20. Конкурстық комиссияның құрамына ішкі конкурс қатысушысы кірмейді.
Toggle Dropdown
21. Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік қызметшілердің қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
22. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.