Toggle Dropdown
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37562 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидаларға 1-қосымшаның «Баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 20-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) Қағидалардың 11-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.»;
2) Қағидаларға 5-қосымшаның «Банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 16-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«16. 7.1-жолда есепті кезең ішінде алынған қарыздың немесе 1 (бір) жылға дейінгі (қоса алғанда) мерзімі бар есепті кезең ішінде орналастырылған (тартылған) салымның сомасы мәміле бойынша есеп айырысу валютасында көрсетіледі. 7.2-жолда 7.1-жолда көрсетілген соманың теңгемен баламасы мәміле жасалған күні «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.»;
3) Қағидаларға 6-қосымшаның «Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 15-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«15. 1-кестенің 7-жолында облигациялар бойынша номиналды құны, акциялар бойынша сатып алу құны көрсетіледі. Құн көрсеткіші теңгемен транзакция күніне көрсетіледі (номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар үшін теңгедегі құнының баламасы «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі).»;
4) Қағидаларға 10-қосымшаның «Банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 20-тармағы екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Шетел валютасындағы шарт бойынша мәміле сомасы шартты жасасу күніне «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.»;
5) Қағидаларға 11-қосымшаның «Резидент-клиенттердің шоттары мен салымдары бойынша есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 14-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«14. Шетел валютасындағы шоттар мен салымдар бойынша сома «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеледі:
3.5 және 3.6-жолдар бойынша – шетел валютасымен операция жүргізу күніне;
3.7-жол бойынша – есепті күнге.»;
6) Қағидаларға 13-қосымшаның «Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері бойынша есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 6-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша сома есепті күнге «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 15 қаулы және № 99 бұйрық) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеледі.»;
7) Қағидаларға 13-қосымшаның «Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері бойынша есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 15-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«15. Егер есепті ай ішінде шетел валютасындағы депозиттер бойынша есепте көзделген ашу, мерзімін ұзарту, толықтыру, ішінара алу операциялары жүргізілген болса, сома шетел валютасымен операциялар жүргізу күніне № 15 қаулыда және № 99 бұйрықта көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеледі.»;
8) Қағидаларға 13-қосымшаның «Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі және сыйақы мөлшерлемелері бойынша есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 32-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«32. Жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттер шетел валютасындағы депозитті тарту күніне № 15 қаулыда және № 99 бұйрықта көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеледі.»;
9) Қағидаларға 18-қосымшаның «Екінші деңгейдегі банк, екінші деңгейдегі банктің клиенттері, екінші деңгейдегі банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз операциялары, екінші деңгейдегі банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 2-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Шетел валютасындағы операциялар бойынша сома есепті айдың соңғы күніне қайта есептеу жүргізілетін репатриациялау мерзімі бұзылған келісімшарттарды қоспағанда, операцияны жүргізудің соңғы күніне не есепті кезеңнің соңғы күніне «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 88 қаулысымен
бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидалары
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса, оны ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Есептілік Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылады.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесіне ақпаратты жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылау кезінде қателер анықталған жағдайда, ақпараттық жүйе ақпаратты қабылдамайды.
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесіне нысанішілік бақылаудан өткен, көрсетілген есепті кезеңдегі ақпаратты соңғы жүктеудің нақты күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсынуды аяқтау күні болып табылады.
5. Басшының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен есептілікті куәландыру есептілікті ұсыну аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
6. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін банктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
7. Банк басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.
8. Балама сәйкестендіру нөмірі Қазақстан Республикасының бейрезидент контрагент банктері сәйкестендіргіштерінің бірі ретінде болады, есептілікті ұсынатын банк үшін бірегей және банктің осы тұлғамен өзара қарым-қатынасы кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.
9. «Резидент» және «бейрезидент» деген ұғымдар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
10. Ақпаратты мәмілелерге дейін нақтылауды көздейтін нысандарда есеп беретін банктің ақпараттық жүйесінде мәміленің бірегей сәйкестендіргіші болатын мәміленің (транзакцияның) референсі (коды) көрсетіледі. Референс мәнінің жолы мәтіндік деректер форматында және мәтіндік және сандық элементтерді қамтуы мүмкін.
Ақпаратты мәмілелерге дейін нақтылауды көздемейтін нысандарда референс ретінде ұсынылатын деректер жиынтығының бірегей нөмірі көрсетіледі, ол мынадай тәртіпте қалыптастырылады:
алғашқы сегіз таңба – «ЖЖЖЖККАА» форматындағы есептік күн, мұнда «ЖЖЖЖ» – жыл, «КК» – күн, «АА» – ай;
бір таңба – белгіленген бөлгіш «_»;
соңғы алты таңба – реттік нөмірі (000001-ден 999999-ға дейін).