Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 86 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37567 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 3-тармағының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«3. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 86 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, ұсыну кезеңділігі мен мерзімін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйымдар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Ұйымдар ұсынатын есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында – теңгемен көрсетіледі.
3. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысында және бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.
4. Ұйымдар есептілікті Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.
5. Ұйым басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.
6. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру брокерін қоспағанда, ұйымдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен (қоса алғанда) кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес актуарий жасаған сақтандыру резервтерін есептеу жөніндегі негіздеменің электрондық нысанын Ұлттық Банкке веб-портал арқылы ұсынады.
8. Ұйымдар Ұлттық Банкке мыналарды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражат және банктік салымдар туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «кері репо», репо операциялары туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта сақтандырушылардан алынатын сома, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есепті;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру сыйлықақысы және мемлекеттің сыйлықақысы туралы есепті;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру төлемдері туралы есепті;
9) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, сақтандыру төлемдері және ірі мәлімделген талаптар туралы есепті;
10) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелердің көлемі бойынша есепті;
11) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аралас коэффициентті есептеу туралы есепті;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру қызметі туралы есепті;
13) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық және шетел валюталарындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімін салыстыру туралы есепті;
14) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есепті;
15) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүктелген сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша жасалған шарттар бойынша есепті;
16) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтердің есебінен сатып алынған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есепті;
17) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
18) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтерді туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
19) Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары туралы есепті;
20) Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық қордың (инвестициялық портфельдің) акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есепті;
21) Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есепті;
22) Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдық туралы есепті;
23) Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті;
24) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығын бойынша есепті;