• Мое избранное
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37563 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 85
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
 20__ жылғы «__» ________
 № __ қаулысымен
бекітілді
  • 1
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – ұйымдар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Ұйымдар Пруденциялық нормативтерді орындау туралы есептілікті Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.
3. Ұйым басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Пруденциялық нормативтерді орындау туралы есептілік электрондық форматта сақталады.
4. Пруденциялық нормативтерді орындау туралы есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
5. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындау туралы есепке олардың орналасқан елдегі қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормативтік мәндер туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын сақтандыру тобына қатысушылардың пруденциялық нормативтерін есептеу әдістемесі қоса беріледі.
6. Ұйымның пруденциалдық нормативтерін орындау туралы есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1 000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
7. Сақтандыру резервтерін өтейтін өтімділігі жоғары активтердің, төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативтері және активтерді әртараптандыру нормативтері жүзге дейін дөңгелектенеді. Егер өтімділігі жоғары активтердің және төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативтерінің дөңгелектелген мәні 1 (бір бірліктен) кем болса немесе әртараптандыру нормативтерінің дөңгелектелген мәні «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) белгіленген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінің және оларды есептеу әдістемелерінің 42-тармағында және «Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 14 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18293 болып тіркелген) белгіленген Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелерінің 37-тармағында белгіленген мәндерден жоғары болса, онда көрсетілген нормативтер бұзылған болып саналады.
8. Ұйымдар күн сайын әрбір бағалы қағаз, эмитент, қайта сақтандыру ұйымы, исламдық қайта сақтандыру ұйымы, екінші деңгейдегі банк, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарының және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында (бұдан әрі – қор биржалары) жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген әрбір бағалы қағаздардың санаты бойынша рейтингтік бағалауға мониторинг жүргізеді. Есептерді жүзеге асыру мен есептерді ұсыну кезінде есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қор биржаларының рейтингтік бағасы және бағалы қағаздар санаты пайдаланылады.
9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемелері «Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22231 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.
10. Ұйымдар Ұлттық Банкке мыналарды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының күтілмеген тәуекелдер резервін есептеуі туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тұрақтандыру резервін есептеуі туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындау туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының күтілмеген тәуекелдер резервін есептеуі туралы есепті;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тұрақтандыру резервін есептеуі туралы есепті ұсынады.
11. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындау туралы есепте Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің кестесіне және «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) белгіленген белгілі бір күнге Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес сақтандыру тобына қатысушылар бойынша төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталдың) ең төменгі мөлшерінің есебі қамтылады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 10 (оныншы) ақпанға дейін ұсынады.
13. Сақтандыру тобының бас ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті электрондық форматта:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1 (бірінші) күнінен кешіктірмей;
өткен жылғы төртінші тоқсан үшін есепті тоқсаннан кейінгі жылғы 1 (бірінші) сәуірден кешіктірмей ұсынады.
14. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 10 (оныншы) ақпанға дейін ұсынады.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 85
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының, сақтандыру тобының,
исламдық сақтандыру
 (қайта сақтандыру) ұйымының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
 (қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-исламдық сақтандыру
 (қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының пруденциялық
нормативтерді орындауы туралы
есептілікті ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне