Toggle Dropdown
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 89 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 желтоқсанда № 37572 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. «Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 119 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31429 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) Қағидалардың 4-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«4. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.»;
2) Қағидаларға 2-қосымшаның «Орналастырылған салымдар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшаның 6-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«6. 7 және 10-бағандарда «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептелген есепті кезеңнің соңындағы шетел валютасындағы ақша қалдығының сомасы көрсетіледі.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 89
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
20__ жылғы «__» ________
№ __ қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары
1. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, ұсыну кезеңділігі мен мерзімін қоса алғанда, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның (бұдан әрі – ұйым) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Ұйым есептілікті Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.
3. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
4. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысында және бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.
5. Ұйым басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.
6. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
7. Ұйым Ұлттық Банкке мыналарды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақша қалдығы туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орналастырылған салымдар туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «кері репо», репо операциялары туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві туралы есепті;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық кірістер туралы есепті;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есепті;
9) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылған кепілдік төлемдері, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы есепті;
10) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель туралы есепті;
11) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдер туралы есепті;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есепті;
13) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есепті ұсынады.
8. Ұйым Ұлттық Банкке Қағидалардың 7-тармағында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын электрондық форматта ұсынады.
Сақтандыру ұйымдары таратылған
жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға,
пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыруға кепілдік беретін ұйымның есептілікті ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Ақша қалдығы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1 – OGOSV
Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша