• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 241-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
1) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
2) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі «187 (бірінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын.
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 226-баптың 5-1-бөлігіндегі «28-1-баптарында» деген сөздер «27-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 228-бап алып тасталсын;
3) 30-тарау алып тасталсын;
4) 302-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы алып тасталсын;
5) 44-тарау алып тасталсын;
6) 465-баптың төртінші бөлігіндегі «жеке» деген сөз «кассациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «туралы істер;» деген сөздер «туралы істер жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктің 6) тармақшасы алып тасталсын.
3. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 3-баптың үшінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараттарының және соттары кеңселерінің» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері аппараттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының» деген сөздер «айқындалатын тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша алып тасталсын:
16) тармақшадағы «, бейнежолданым» деген сөз алып тасталсын;
37) тармақшада:
«басқару органдарының,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік заңды тұлғалардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекет» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жолданым дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталғаннан кейін берілуі мүмкін.»;
4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі
1. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізуде, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ақылға қонымды мерзім қолданылады.
2. Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, әкімшілік іске қатысушылардың құқықтарды пайдалану және міндеттерді орындау дәрежесінен көрінетін мінез-құлқы, әкімшілік органның, лауазымды адамның, соттың әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асыратын әрекеттерінің жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
3. Жолданымдарды, әкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарау және шешу осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
5) 20-баптың екінші бөлігінде:
«басқару органы,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік заңды тұлғалар,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекет» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың екінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «шағым жасау барысында» деген сөздер алып тасталсын;
7) 28-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «, айғақтар беруге және» деген сөздер «беруге,» деген сөзбен ауыстырылсын;