1) 36-бапта:










Отправить по почте

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 243-VIII
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«3-1) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;»;
1-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Күрделі» деген сөз «Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, күрделі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-5 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-5. Шегінде шектеулі өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша перспективалы шөгінді бассейндер анықталмаған аумақтар аз зерттелген аумақтар деп танылады.
Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібін құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
«2-2. Бұрын жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуына байланысты көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шарттардан басқа, мынадай:
1) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес жүргізілген шығындарды сенімгерлік басқарушыға өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу;
2) осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген жабдық пен өзге де мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу;
3) сенімгерлік басқару процесінде сенімгерлік басқарушы сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу жөніндегі шарттар қамтылуға тиіс.»;
5-тармақтағы «барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың, өндіруге арналған келісімшарттың, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ 3) тармақшасындағы «бойынша ауысуына тыйым салынады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 103-бабының 8-тармағында және 160-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт қолданысының алғашқы үш жылында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша ауысуына тыйым салынады.»;
«Осы Кодекстің 44-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) ауысқан жағдайда көрсетілген өтінішті жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеленуші береді.»;
«2-1. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған басқа келісімшарт (келісімшарттар) болмаған кезде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт объект жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объект деп танылатын жалғыз келісімшарт болса, келісімшарт жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл ішінде осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілердің ауысуына тыйым салынады.»;
«2. Мыналар стратегиялық жер қойнауы учаскесі болып табылады:
1) көлемі елу миллион тоннадан астам мұнайдың немесе он бес миллиард текше метрден астам табиғи газдың геологиялық қорлары бар жер қойнауы учаскесі.
Мұнайдың немесе табиғи газдың геологиялық қорларының болуы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектердің геологиялық қорларын есептеу жөніндегі есеппен расталады;
2) Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесі.
Егер жер қойнауы учаскесі аумағының барлық географиялық координаттары шектес елдердің учаскелерімен кеңістіктік шекаралары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, ал құрлықпен кеңістіктік шекарасы Каспий теңізі суының барынша көтерілуі нәтижесінде пайда болатын сызық бойымен өтетін түбі мен жер қойнауы учаскесі шегінде орналасса, осындай жер қойнауы учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан деп танылады;
3) уран кен орны бар жер қойнауы учаскесі.
Уран кен орнының болуы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған уранның геологиялық қорларын есептеу жөніндегі есеппен расталады. Егер жер қойнауы учаскесінде сирек кездесетін уранды кен орны болса, онда осы тармақшаның мақсаттары үшін мұндай жер қойнауы учаскесі уран кен орны бар жер қойнауы учаскесі деп танылады.
Стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін және оны жүргізу тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітеді.»;
5) 44-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы «қатысқан жағдайда талап етілмейді.» деген сөздер «қатысқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша заңды тұлға мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда талап етілмейді.»;
«16-1) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
«16-2) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;
екінші бөліктегі «көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уранды немесе сирек кездесетін уранды кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумақты (аумақтарды) көрсету қамтылуы» деген сөздер «шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін ұлттық компанияға, сондай-ақ уранды кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін уран саласындағы ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумақты (аумақтарды) көрсетуді қамтуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компанияларға ғана берілуге тиіс аумақты көрсету мыналармен:
1) тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін – мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына тиісті аумақ енгізілген күннен бастап қатарынан үш жылмен;
2) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру үшін – уранның кенденуі және (немесе) уран кенжатыны бар аумақтармен;
3) уран өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін уран кен орнының болуымен шектеледі.
Құзыретті орган осы тармақтың үшінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтарды аукцион негізінде үшінші тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аумақтар санатына:
1) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін қатарынан үш жыл өткеннен кейін;
2) көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компаниялардың жер қойнауы учаскесінен (учаскесінің бір бөлігінен) бас тартуы, лицензияны кері қайтарып алу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын тоқтату нәтижесінде оларға берілген жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ауыстыруға тиіс.»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |