Toggle Dropdown
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының), банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 100 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 желтоқсанда № 37679 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының), банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 43-қосымшаның «Есепті күнгі жағдай бойынша банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның 8-тармағының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«8. 9-бағанда облигациялар бойынша облигацияның номиналдық (сатып алу құнының) оны шығару кезінде айқындалған, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілген сыйақы есептелетін ақшалай көрінісі, сондай-ақ облигацияны өтеу кезінде оның ұстаушысына төленетін сома көрсетіледі. Құн көрсеткіші мың теңгемен көрсетіледі (номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар үшін теңгедегі құнның баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіппен айқындалған транзакция күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеуде көрсетіледі.»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 100 қаулысымен
бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының), банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының), банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 3-тармағына және 54-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) (бұдан әрі – банктер), банк конгломераттарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, кезеңділігін және ұсыну мерзімін қоса алғанда, пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Есептілік «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта ұсынылады.
3. Басшының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін банктің, банк холдингінің немесе еншілес ұйымы бар, бірақ банк холдингі жоқ банктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
5. Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікке олардың орналасқан елдегі қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын банк конгломераты қатысушыларының нормативтік мәндері, пруденциялық нормативтерін есептеу әдістемесі туралы мәліметтер қоса беріледі.
6. Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілік Ұлттық Банкке банк холдингі мәртебесі жойылғанға дейін не еншілес ұйымы бар, бірақ банк холдингі жоқ банктің қызметі тоқтатылғанға дейін автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе арқылы электрондық форматта ұсынылады.
Қағидалардың 4-тарауында белгіленген есептілікті ұсыну мерзімдеріне қарай есеп беретін тұлғаның банк холдингі мәртебесі жойылған не еншілес ұйымы бар, бірақ банк холдингі жоқ банктің банк қызметін тоқтатқан жағдайда мәртебесі жойылған күннің алдындағы соңғы есепті кезеңдегі банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілік белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
2-тарау. Екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну тәртібі
9. Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банкке:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
9) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
10) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
11) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
13) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есепті – есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, апта сайын;
14) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі активтердің, ішкі және өзге де міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
15) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициентінің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
16) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
17) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері білдіретін кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
18) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері білдіретін кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
19) Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты, ислам банктері білдіретін нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
20) Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;
21) Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің талдамасы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын ұсынады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) есептілікті ұсыну тәртібі
10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары Ұлттық Банкке:
1) Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейрезидент-банктері филиалдарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын;