• Мое избранное
Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 101 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 желтоқсанда № 37695 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы  Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
 2025 жылғы «__» ______ _____
 № __ қаулысымен
бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, мерзімділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілігі Ұлттық Банкке автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе арқылы электрондық форматта ұсынылады.
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы, сондай-ақ жеке тұлға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, екінші деңгейдегі банктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының есептілігіндегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін жеке тұлға қамтамасыз етеді.
3. Екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы – бір мезгілде өзге екінші деңгейдегi банктің және (немесе) өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) өзге инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болып табылатын жеке тұлға Ұлттық Банкке өзі ірі қатысушысы болып табылатын өзге екінші деңгейдегi банк және (немесе) өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) өзге инвестициялық портфельді басқарушы бойынша мәліметтерді ескере отырып, есепті кезең үшін мәліметтер мен ақпаратты ұсынады.
4. Ұлттық Банкке қаржылық есептілік алғаш рет ұсынылған, сондай-ақ есеп саясатына өзгерістер енгізілген жағдайда, есеп саясаты екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, екінші деңгейдегі банктің қаржылық есептілігіне еркін нысанда қоса беріледі.
5. Біз мезгілде банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) өзге екінші деңгейдегі банктің және (немесе) өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлға Ұлттық Банкке өзі ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын өзге екінші деңгейдегi банк және (немесе) өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) өзге инвестициялық портфельді басқарушы бойынша мәліметтер ескеріле отырып жасалған, талап етілетін кезең үшін Қағидаларда көзделген есептілікті ұсынады.
6. Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 8 қосымшаларында көзделген есептілікті ұсыну бойынша талаптар екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы немесе банк холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесі бар екінші деңгейдегі банктерге, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
7. Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер Қағидаларға 7 және 8 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көзделген жылдық есептілікті ұсынған кезде, төртінші тоқсан үшін көрсетілген нысандарды ұсыну талап етілмейді.
8. Егер Қағидалардың 2, 3 және 4-тарауларында белгіленген есептілікті ұсыну мерзімдеріне қарай есеп беретін тұлғаның екінші деңгейдегі банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушысы мәртебесі жойылған жағдайда, мәртебе жойылған күннің алдындағы соңғы есепті кезең үшін есептілік белгіленген мерзімде ұсынылады.
9. Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес көзделген есептілік нысандары бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары көрсетілген нысандарды бос бағандармен ұсынады.
10. Қағидаларға 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес 32-тармақтың 1, 2, 3-тармақшаларында көзделген есептілік нысандары бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, олар бойынша мәліметтер ұсынылмайды, бұл туралы екінші деңгейдегі банктер осы кестелер бойынша мәліметтерді ұсыну мерзімінен кешіктірілмеген мерзімде Ұлттық Банкті жазбаша түрде хабардар етеді.
2-тарау. Екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің есептілікті ұсыну тәртібі
11. Екінші деңгейдегі банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы Ұлттық Банкке:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының кірісі мен мүлкі туралы есепті – қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен кешіктірмей, жыл сайын;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы туралы есепті – қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен кешіктірмей, жыл сайын ұсынады.
12. Екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесі бар екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктің Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы болып табылатын ірі қатысушысы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі Ұлттық Банкке:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің лауазымды тұлғалары туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, тоқсан сайын;
2) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі қатысушыcы (акционері) болып табылатын ұйымдар туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, тоқсан сайын;
3) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушылары (акционерлері) туралы есепті, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысын, банк холдингін, сақтандыру холдингін бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын;
4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты тұлғалармен, оның ішінде үлестес тұлғалармен есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелер туралы есепті және байланысты тұлғалар, оның ішінде үлестес тұлғалар тізілімін – есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, тоқсан сайын ұсынады.
13. Банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін, банк холдингі жоқ екінші деңгейдегі банк Ұлттық Банкке:
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша жұмыс кестелерінің толық талдамасы туралы есепті:
есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, тоқсан сайын;
есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей, жыл сайын ұсынады.
14. Екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктің Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы болып табылатын ірі қатысушысы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін, банк холдингі жоқ екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы болып табылатын ірі қатысушысы Ұлттық Банкке:
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны:
шоғырландырылған қаржылық есептілік бөлігінде:
есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, тоқсан сайын;
есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей, жыл сайын;
шоғырландырылмаған қаржылық есептілік бөлігінде:
есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, тоқсан сайын;
есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей, жыл сайын ұсынады.
15. Екінші деңгейдегі банктің заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі Ұлттық Банкке: