Toggle Dropdown
Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әлеуметтік бейімдеу – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені;
Toggle Dropdown
2) әлеуметтік оңалту – өмірде қиын жағдайда қалған адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардапты еңсеру процесі;
Toggle Dropdown
3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу – педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды ерте анықтауға және оларға уақтылы қолдау көрсетуге бағытталған жеке әлеуметтік және психологиялық-педогогикалық шаралар кешені;
Toggle Dropdown
4) заңға бағынатын мінез-құлық – адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін саналы мінез-құлқы;
Toggle Dropdown
5) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер;
Toggle Dropdown
6) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, адамгершілік, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және оны әлеуметтік ортаның теріс әсерінен қорғауға бағытталған мінез-құлық қағидалары мен нормаларын дарыту бойынша ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыскерлері тарапынан әсер етудің үздіксіз процесі;
Toggle Dropdown
7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға немесе қоғамға жат мінез-құлық танытуға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактика жөніндегі шаралармен бірге жиынтықта жүзеге асырылатын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар кешені;
Toggle Dropdown
8) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
9) күш көрсету – дене күшін қолдану және дене мүшесін ауырту арқылы денсаулыққа қасақана зиян келтіру;
Toggle Dropdown
10) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау жоқ кәмелетке толмаған бала;
Toggle Dropdown
11) қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен өмір салтына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
Toggle Dropdown
12) қоғамға жат мінез-құлық – жеке тұлғаның жалпы қабылданған мінез-құлық пен мораль нормаларын, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүддесін бұзатын, оның ішінде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін әрекеттері;
Toggle Dropdown
13) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;
Toggle Dropdown
14) қоғамдық орын – тізбесі осы Заңда көзделген, халықтың пайдалануына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге, азаматтарға қызмет көрсетуге және олардың демалуына арналған, елді мекендер шегіндегі немесе олардан тыс жерлердегі ортақ пайдаланылатын орын;
Toggle Dropdown
15) құқық бұзушылық – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келетін құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк);
Toggle Dropdown
16) құқық бұзушылық жасауға бейім адам – өзінің қоғамға жат мінез-құлқының қауіптілігіне байланысты ықтимал құқық бұзушылық жасау қауіп-қатері бар не құқық бұзушылық жасаған, профилактикалық есепте тұрған жеке тұлға;
Toggle Dropdown
17) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;
Toggle Dropdown
18) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шаралар – құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы, жеке және арнаулы шаралар;
Toggle Dropdown
19) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесі – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің, түрлері мен шараларының жиынтығы, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру және мониторингтеу;
Toggle Dropdown
20) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері – құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары;
Toggle Dropdown
21) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы – нақты адамның немесе адамдар тобының құқық бұзушылықтан жәбір көру қауіп-қатерін азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды қолдану бойынша құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметі;
Toggle Dropdown
22) құқықтық тәрбие – азаматтардың заңға бағынатын мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, білім беру сипатындағы, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені;
Toggle Dropdown
23) отбасылық-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;
Toggle Dropdown
24) панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;
Toggle Dropdown
25) психологиялық қысым жасау – қорқыту, қорлау, бопсалау арқылы, немесе құқық бұзушылықты немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене бітімі және тұлғалық жағынан дамуының бұзылуына әкелетін іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы адамның психикасына қасақана әсер ету, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту;
Toggle Dropdown
26) сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қол сұғатын қасақана құқыққа қайшы әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер;
Toggle Dropdown
27) тұрмыстық зорлық-зомбылық – бір адамның отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында басқа адамға (адамдарға) қатысты тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіретін немесе сондай қатері бар қасақана құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі);
Toggle Dropdown
28) экономикалық қысым жасау – адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына негізделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Toggle Dropdown
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары
Toggle Dropdown
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы саласында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарда жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) заңдылық;
Toggle Dropdown
2) жариялылық;
Toggle Dropdown
3) ғылыми негізділік;
Toggle Dropdown
4) құпиялылық;
Toggle Dropdown
5) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
Toggle Dropdown
6) кешенділік пен жүйелілік;
Toggle Dropdown
7) әрбір адамға және азаматқа қолданатын жеке тәсіл;
Toggle Dropdown
8) ізгілік;
Toggle Dropdown
9) отбасын қолдау және сақтау;
Toggle Dropdown
10) адамға және азаматқа тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіруге жол бермеу.