• Мое избранное
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 02.03.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 249-VIII

1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-баптың 1) тармақшасы осы Заңның 2-бабының 1-тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі 
1) 25-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздерден кейін «немесе техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерінде пайдалы қатты қазбаларды ашық тәсілмен өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 28-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Берілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында берілген күні орналастырылады.»;
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта ресімделген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қайта ресімделген күні орналастырылады.»;
8-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түзетілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында түзетілген күні орналастырылады.»;
2) тармақшадағы «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздер «жоспарлау» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «қамтамасыз ету» деген сөздер «ұйымдастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «жер қойнауының мемлекеттік мониторингін», «жүзеге асыру» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүргізуді», «ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «жүргізуді ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша «нормаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарлама электрондық құжат нысанында электрондық мекенжай бойынша не жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы жіберілуге тиіс.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «белгісіз және (немесе) белгілі бір» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Хабарлаулар құзыретті орган айқындаған тәртіппен осы Кодексте көзделген ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып та жүзеге асырылуы мүмкін.»;
екінші бөлікте:
«47-бабының 3-тармағында, 50-бабының 1 және 4-тармақтарында,» деген сөздер алып тасталсын;
1-баптың 6) тармақшасының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтары осы Заңның 2-бабының 3-тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 
«, 163-бабының 1 және 4-тармақтарында, 164-бабының 3-тармағында, 181-бабының 2, 4 және 5-тармақтарында» деген сөздер алып тасталсын;
«жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздер «отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 169-бабының 1-тармағында, 170-бабының 2-тармағында, 171-бабының 5-тармағында, 173-бабының 2-тармағында және 181-бабының 5-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
«жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздер «отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-тарау мынадай мазмұндағы 68-1-баппен толықтырылсын:
«68-1-бап. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы
1. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мыналарды да қамтиды:
1) осы Кодекстің 7-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты, осы Кодекстің талаптарына сәйкес мемлекет ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар;
2) мыналар:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтары;
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аумақтары;
жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілетін аумақтар;
блоктар орналасқан аумақтар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің, орман қоры жерлерінің аумақтары;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлер;
елді мекендердің аумақтары;
су қоры жерлерінің аумақтары, су қорғау аймақтары;
ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурлары;