• Мое избранное
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 110 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қаңтарда № 37809 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 110
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
 2025 жылғы «__» ______ _____
 № __ қаулысымен
бекітілді
  • 1
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзысының 48) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Ұйымдар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандарды қоса, есептілікті ұсыну тәртібі, кезеңділігі мен мерзімі айқындалады.
2. Ұйымдар есептілікті Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.
3. Ұйым басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырған есептілік электрондық форматта сақталады.
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының долларымен көрсетіледі.
6. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысында және бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.
7. «Резидент» және «бейрезидент» деген ұғымдар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
8. Филиалы, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелгені болған кезде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының қызметін ескере отырып, есептілікті ұсынады.
9. Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қағидаларға сәйкес Ұлттық Банкке есептілікті ұсынбайды.
2-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну тәртібі
10. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушылар) Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер мен клиенттердің активтері құрамында есепке алынатын, берілген қарыздар мен дебиторлық берешек туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық қорлар жөніндегі есепті;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтері есебінен сатып алынған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есепті;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық қордың өзге мүлігінің құрылымы туралы есепті;
9) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялық қордың және басқа да клиенттердің инвестициялары туралы есепті;
10) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
11) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар инвестициялық портфельді басқарушы ұсынбайтын 1-кестені қоспағанда, Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін және меншікті активтерді туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
13) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін және меншікті активтерді инвестициялау бойынша үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есепті;
14) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есепті ұсынады.
11. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарын және Ұлттық пошта операторын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – брокерлер және (немесе) дилерлер) Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер мен клиенттердің активтері құрамында есепке алынатын, берілген қарыздар мен дебиторлық берешек туралы есепті;
6) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есепті ұсынады.
12. Брокерлер және (немесе) дилерлер Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ұйымдастырылмаған нарығында және халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында жасалған (тіркелген) қаржы құралдарымен мәмілелер (операциялар) туралы есепті ұсынады.
13. Брокерлер және (немесе) дилерлер Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар ұйым туралы мәліметтерді;
2) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтері және меншікті активтер есебінен жүзеге асырылатын алгоритмды сауданың автоматтандырылған жүйесін пайдаланушылар туралы мәліметтерді ұсынады.
14. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, брокерлер және (немесе) дилерлер Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы есепті;
2) Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша брокердің шоттарындағы ақша қалдықтары туралы есепті;
3) Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша брокердің және (немесе) дилердің қызмет көрсетуі туралы есепті ұсынады.
15. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сондай-ақ номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерді және (немесе) дилерді қоспағанда, брокерлер және (немесе) дилерлер, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша номиналды ұстаудағы бағалы қағаздар туралы есепті;
2) Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекеттің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес шығарылған, номиналды ұстаудағы бағалы қағаздар туралы есепті ұсынады.
16. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушылар (бұдан әрі – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары) Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер мен клиенттердің активтері құрамында есепке алынатын, берілген қарыздар мен дебиторлық берешек туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық қорлар жөніндегі есепті;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтері есебінен сатып алынған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есепті;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық қордың өзге мүлігінің құрылымы туралы есепті;
9) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялық қордың және басқа да клиенттердің инвестициялары туралы есепті;
10) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
11) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар инвестициялық портфельді басқарушы ұсынбайтын 1-кестені қоспағанда, Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін және меншікті активтерді туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
13) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін және меншікті активтерді инвестициялау бойынша үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есепті;
14) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есепті;
15) Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің құны туралы есепті;
Ұлттық Банкпен жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарған жағдайда – Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің құны туралы есепті – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері және басқарудағы зейнетақы активтері бойынша бөлек ұсынады;
16) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есепті:
Ұлттық Банкпен жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарған жағдайда – Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есепті – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері және басқарудағы зейнетақы активтері бойынша бөлек ұсынады;
17) Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі және ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) саны туралы есепті;
Ұлттық Банкпен жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарған жағдайда – Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі және ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) саны туралы есепті – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері және басқарудағы зейнетақы активтері бойынша бөлек ұсынады;
18) Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдері туралы есепті;
Ұлттық Банкпен жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарған жағдайда – Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдері туралы есепті – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері және басқарудағы зейнетақы активтері бойынша бөлек ұсынады;
19) Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есепті ұсынады.
17. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономика секторлары бойынша жіктелген меншікті активтер бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті;
2) Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономика секторлары бойынша жіктелген зейнетақы активтері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті ұсынады.
18. Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілген инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – сенімгерлік басқарушы) Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есепті;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер мен клиенттердің активтері құрамында есепке алынатын берілген қарыздар мен дебиторлық берешек туралы есепті;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық қорлар жөніндегі есепті;
7) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтері есебінен сатып алынған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есепті;
8) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық қордың өзге мүлігінің құрылымы туралы есепті;
9) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялық қордың және басқа да клиенттердің инвестициялары туралы есепті;
10) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
11) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар инвестициялық портфельді басқарушы ұсынбайтын 1-кестені қоспағанда, Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін және меншікті активтерді туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
13) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің активтерін және меншікті активтерді инвестициялау бойынша үлестес тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есепті;
14) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есепті;
15) Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің құны туралы есепті;
16) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есепті;
17) Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялау лимиттерін сақтау туралы есепті;
18) Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есепті;
19) Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігінің коэффициенттері туралы есепті ұсынады.
3-тарау. Бағалы қағаздар нарығына басқа кәсіби қатысушылардың есептілікті ұсыну тәртібі
19. Кастодиан, оның ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодианы, инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша номиналды ұстаудағы бағалы қағаздар туралы есепті;
2) Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, номиналды ұстаудағы бағалы қағаздар туралы есепті;
3) Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің бұғатталған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есепті;
4) Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кастодиан клиенттерінің саны туралы есепті ұсынады.
20. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодианы, инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын:
1) Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есепті;
2) Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетел валютасындағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есепті;
3) Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есепті;
4) Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есепті ұсынады.
21. Орталық депозитарийді қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушы Ұлттық Банкке есепті күннен кейінгі жұмыс күнінің соңына дейін, күн сайын:
1) Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға (сатуға) өтінімдер туралы есепті;
2) Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәмілелер тараптарын көрсете отырып, бағалы қағаздармен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есепті;
3) Қағидаларға 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздармен репо операцияларына өтiнiмдер туралы есепті;
4) Қағидаларға 42-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушыларын көрсете отырып, бағалы қағаздармен репо операциялары туралы есепті;
5) Қағидаларға 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туынды қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға) өтінімдер туралы есепті;
6) Қағидаларға 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәмілелердің тараптарын көрсете отырып, туынды қаржы құралдарымен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есепті;
7) Қағидаларға 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетел валюталарын сатып алуға (сатуға) өтінімдер туралы есепті;
8) Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетел валюталарымен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есепті ұсынады.
22. Орталық депозитарийді қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушы Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын – Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерi туралы есепті ұсынады.
23. Орталық депозитарийді қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын:
1) Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушы тiзiмiнiң жекелеген секторларына (санаттарына) кiретiн бағалы қағаздар туралы есепті;
2) Қағидаларға 49-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне кiретiн бағалы қағаздарды қоспағанда, қаржы құралдары туралы есепті;
3) Қағидаларға 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәмілелер көлемі туралы есепті;
4) Қағидаларға 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар нарығын капиталдандыру туралы есепті;
5) Қағидаларға 52-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиенттердің шоттары туралы есепті;
6) Қағидаларға 53-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есепті және сауда-саттықты ұйымдастырушымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімін;
7) Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті ұсынады.
24. Клиринг ұйымы Қағидаларға 55-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есепті Ұлттық Банкке есепті күннен кейінгі жұмыс күнінің соңына дейін, күн сайын ұсынады.
25. Орталық депозитарий Ұлттық Банкке:
1) Қағидаларға 56-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсанның ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы орталық депозитариймен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есепті және орталық депозитариймен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар тізілімін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, тоқсан сайын;
2) Қағидаларға 57-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономиканың секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың 10 (онынан) кешіктірмей, ай сайын;
3) Қағидаларға 58-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, ай сайын ұсынады.
4-тарау. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну тәртібі
26. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономика секторлары бойынша жіктелген меншікті активтер бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті;
2) Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономика секторлары бойынша жіктелген зейнетақы активтері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті ұсынады.
27. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтері болған жағдайда, Қағидаларға 59-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің құны туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей;
2) Қағидаларға 60-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есепті;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтері болған жағдайда, Қағидаларға 61-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері туралы есепті – есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей;
4) Қағидаларға 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есепті;
5) Қағидаларға 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есепті;
6) Қағидаларға 64-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерi туралы есепті;
7) Қағидаларға 65-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есепті;
8) Қағидаларға 66-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті;
9) Қағидаларға 67-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есепті;
10) Қағидаларға 68-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты зейнетақы міндеттемелерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есепті;
11) Қағидаларға 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есепті ұсынады.
28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақы төлемдерінің және зейнетақы жинақтарының көлемі туралы есепті;
2) Қағидаларға 71-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, дефолтқа жол берген, эмитенттердің зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша есепті ұсынады.
29. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ұлттық Банкке есепті жылдан кейінгі жылғы 30 (отызыншы) сәуірден кешіктірмей, жыл сайын Қағидаларға 72-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы талаптар туралы есепті ұсынады.
Қағидаралардың қосымшаларын PDF  форматында қараңыз  
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
 2025 жылғы «__» ______
 № __ қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілік ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 161 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17390 болып тіркелген).
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19369 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 12-тармағы.
4. «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 211 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19672 болып тіркелген).
5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2020 жылғы 19 наурыздағы № 34 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20168 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.
6. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22293 болып тіркелген).
7. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2021 жылғы 22 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22309 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 5-тармағы.
8. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 және «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23208 болып тіркелген).
9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына сақтандыру нарығына және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың есептілікті ұсынуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2022 жылғы 28 ақпандағы № 15 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27129 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру нарығына және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың есептілікті ұсынуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 1-тармағы.
10. «Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 118 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31304 болып тіркелген).
11. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33060 болып тіркелген).
12. ««Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 97 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33847 болып тіркелген).
13. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35555 болып тіркелген).