• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
244-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «учаскесіне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген тәртіп бойынша берілген жағдайда ғана өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылады» деген сөздер «учаскесінде құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске тұрғызылған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген тәртіппен берілген жағдайда сот өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
974-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да объектілер.».
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1)-3) тармақшалар осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 
1) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
2) 44-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, жеке және заңды тұлғаларға сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге жол берілмейді.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жер учаскесін беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, жеке және заңды тұлғаларға сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге жол берілмейді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып, Алматы қаласы аумағының сел мен көшкін қаупі бар учаскелерінде құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге тыйым салынады.»;
4) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды өздері алған немесе сатып алған жағдайда, құрылыс салу мақсатында осы Кодекстің 71-бабына сәйкес өздері бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта реновациялау бағдарламасы шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде көппәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасасқан заңды тұлғаларға;»;
5) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі  
3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармаққа сәйкес жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі.»;
6) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «, Алматы қаласының ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіге сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана көшелерінің бойындағы оқшауланған белдеулерде орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
7) 121-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «, сел-көшкiн қаупi бар және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сейсмикалық қауіпті, сел қаупі бар, көшкін қаупі бар аймақтар, тектоникалық жарылымдар аймақтары;»;
8) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі  
8) 152-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «олардың сапалық сипаттамасы» деген сөздерден кейін «, санитарлық-қорғау аймақтары» деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақ осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 
4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
102-3-баптың 3 және 4-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде» және «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 182-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 190-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 108-баптың 5-тармағындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі  
2) 120-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Мемлекеттік» деген сөз «Баға белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес белгіленетін мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалар осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 124-5-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы «қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.» деген сөздер «қызметтерді көрсету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 124-6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес тізбеде көзделген, табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбелерін бекітеді;»;