Toggle Dropdown
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық ресурстарда», «электрондық үкімет», «Электрондық үкімет», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттандыру объектілері», «электрондық жүйелерiн», «ақпараттық жүйелерден», «электрондық ақпараттық ресурстардан», «ақпараттық жүйенің» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесін», «цифрлық ресурстарда», «цифрлық үкімет», «Цифрлық үкімет», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелері», «цифрлық объектілері», «цифрлық жүйелерiн», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық ресурстардан», «цифрлық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесіндегі», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйесімен», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйесінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесіндегі», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйесімен», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 1-баптың 1-тармағының 29-1) тармақшасындағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 67-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «Ақпараттандыру» деген сөз «Цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің өзара іс-қимыл жасауы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарынан адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.»;
5) 118-1-баптың 2-тармағындағы «электрондық ақпараттық ресурстар», «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстар», «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «екі данада» деген сөздер «бір данада» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Акт кітаптары азаматтық хал актісі бастапқы мемлекеттік тіркелген жердегі тіркеуші органның архивінде сақталады.»;
«4. Азаматтық хал актілері жазбаларының жоғалғанын жоғалған жазба жасалған жердегі азаматтық хал актілері жазбасының архиві растауға тиіс.»;
8) 190-баптың 2-тармағындағы «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 273-баптың бірінші бөлігіндегі «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру объектілерімен», «ақпараттандыру объектілерін», «ақпараттандыру объектілері», «ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйелерін», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйелеріне», «ақпараттық жүйелерінен», «электрондық үкіметтің», «электрондық үкімет», «электрондық дерекқор» деген сөздер тиісінше «цифрлық объектілерімен», «цифрлық объектілерін», «цифрлық объектілері», «цифрлық объектілерінің», «цифрлық объектілеріне», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйелерін», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйелеріне», «цифрлық жүйелерінен», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық үкімет», «цифрлық дерекқор» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттандыру туралы» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«10-1. Аса маңызды цифрлық объектіні меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде иеленетін кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен цифрлық ресурстың резервтік көшірмесін цифрлық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына береді.
10-2. Квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік органдар қызметін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін қажетті иесі көрсетілмеген деректерді «цифрлық үкімет» операторына береді.»;
4) 82-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындыларын қарау;»;
5) мынадай мазмұндағы 93-1-баппен толықтырылсын:
«93-1-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау және мониторингтеу
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін оларды талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
3. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау және мониторинг жүргізу мақсатында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастырады.
4. Тізілімді жүргізуді техникалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға (бұдан әрі – тіркеуші) жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:
1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу жүйесі, онда түпкілікті форматтан кейінгі логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру олар арқылы жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.
5. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі арқылы жүргізілген мониторингтің қорытындылары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
5) тармақшасының он екінші абзацы осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын тізілімге енгізбей оны ұсынуға жол берілмейді.»;
6) 97-1-баптың 1-тармағындағы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 112-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін» деген сөздер тиісінше «рұқсаттар мен хабарламалардың цифрлық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) тармақшадағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
53) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының» деген сөздер «электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«64) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда зияткерлік меншік құқығы объектілерін пайдалануға»;
9) 144-баптың 2-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріндегі «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде» деген сөздер «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылым объектісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;