БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 қаңтарда № 37880 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 5, 6, 7, 8-тармақтарының, 9-тармағының төртінші бөлігінің, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарының қолданылуы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылсын.
2. Тоқтата тұру кезеңіне:
Қағидалардың 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
«5. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.»;
Қағидалардың 9-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылсын:
«Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.»;
Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
«14. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді жинау Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады.
Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау жыл сайын 29 желтоқсаннан бастап 16 қаңтарға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау 1 наурыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Мансап орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін әзірлеп, қарау және бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Еңбек мобильділігі орталығы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыстың ұзақтығын, кәсіп пен айына еңбекақы төлеу мөлшерін көрсете отырып, субсидияланатын жұмыс орындарын құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді.
Мансап орталығы Тізбе бекітілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығының шешімін әрбір өтінім бойынша «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізеді.
Еңбек мобильділігі орталығы кезекті қаржы жылына жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындары бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинетіне» автоматты түрде «Еңбек нарығы» ААЖ-дан себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.
Жұмыс берушіні Тізбеге енгізуден бас тарту үшін:
1) жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің дәйексіздігін белгілеу;
2) жұмыс берушінің еңбек мобильділігі орталығымен жасалған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрынғы шарттар бойынша міндеттемелерін орындамауы (бар болса);
3) жұмыс берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде болуы;
4) жастар практикасын және (немесе) «Күміс жас» жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, жұмыс берушінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуы;
5) жастар практикасын және (немесе) «Күміс жас» жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, жұмыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуі;
6) ағымдағы немесе алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаражаттың болмауы;
7) жұмыс берушінің банкроттық немесе таратылу рәсімінен өтуі негіз болып табылады.
Жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығының шешіміне шағымдануға құқылы.
Шағымды қарауды еңбек мобильділігі орталығы жүргізеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртібіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
Қағидалардың 18-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
«18. Жұмыс берушіде ұйымдастырылатын субсидияланатын жұмыс орындарының санын еңбек мобильділігі орталығы айқындайды.
Жұмыс орындарының санын айқындау кезінде жұмыс берушінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, мансап орталығында 6 (алты) айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың саны, сондай-ақ жұмыс берушіде өткен күнтізбелік жылы субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған жұмыссыздардың жұмысқа орналасу деңгейі (бар болса) есепке алынады.»;
Қағидалардың 21-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
«21. Тізбе бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасында автоматты түрде субсидияланатын жұмыс орны бойынша бос орын құрылады. Жарияланған бос орын 90 (тоқсан) күнтізбелік күн өткеннен кейін толтырмаса жойылады.».
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жакупова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |