• Мое избранное

Отправить по почте

Лицензияның күшiн тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 137 бұйрығы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ибрагим Амидуллаевич Шадиевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 8 қыркүйекте берілген № 15016295 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус И.А. Шадиевтің назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус И.А. Шадиевтің бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;
3) жекеше нотариус И.А. Шадиевтің мөрін жою ұйымдастырылсын;
4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус И.А. Шадиевтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.  
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Нотариаттық қызметті ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № -1/3429-вн ұсынысы, Қызылордан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі үкімі. 
Вице-министр Б. Жақселекова