• Мое избранное
«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 13.04.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 ақпанда № 37959 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін орындаушы ұйымдардың жыл сайын ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін мынадай құжаттарды қоса бере отырып Ведомствоға ұсынатын өтініш-хаттарының негізінде Ведомство қалыптастырады:
1) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты;
2) мамандардың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, штат кестесі;
3) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) токсикологиялық бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын жабдық, аспаптар, техника туралы мәліметтердің көшірмелері;
4) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу үшін жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың болуы туралы мәліметтердің көшірмелері.».
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мынадай жағдайларда пестицидтерді ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге жол берілмейді:»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Құрамында жаңа белсенді заттары бар пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау тіркеу (ұсақмөлдекті) сынақтарының барысында екі рет жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Пестицидтің дәл сол дақылда және дәл сол зиянды организмдерге қарсы ұсақмөлдекті сынақтарын жүргізген орындаушы ұйым өндірістік сынақтарды жүргізуге тағайындалмайды.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Мынадай жағдайларда пестицидтерді өндірістік сынақтардан өткізуге жол берілмейді:
1) пестицидтердің әсер етуші заттары аса уытты заттарға жатса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбесіне және Тізілімге енгізілсе;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардан пестицидтердің адамның денсаулығына, жануарлардың саулығына және қоршаған ортаға қауіптілігі туралы бұрын белгiсiз деректер алынса;
3) пестицидтердің әсер етуші заттары Қазақстан Республикасының патенттерімен қорғалса;
4) тіркелушінің (өтініш берушінің) биологиялық зат (тар) негізінде пестицидті өндірістік сынақтардан өткізуге арналған өтінімді беру жағдайларын қоспағанда, Ведомствоға пестицидтерге өткізілген ұсақмөлдекті сынақтардың нәтижелері туралы есептер ұсынылмаса;
5) пестицидтерге өткізілген ұсақмөлдекті сынақтардың есептерінде оларды өндірістік сынақтардан өткізу орындылығы туралы ұсыныстар болмаса;
6) өндірістік сынақтарға арналған пестицидтің препаративтік нысанын өндіруші ұсақмөлдекті сынақтар кезінде пайдаланылған үлгінің өндірушісінен ерекшеленсе және бұл ретте осы пестицидтердің құрамы мен сапасының сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаса.»;
38-тармақ алып тасталсын;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінімді тіркелуші (өтініш беруші) Ведомствоға портал арқылы электрондық нысанда береді.
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеуді жүргізуге арналған өтінім осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, толтырылады.
Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы уәкілетті мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға 10 жыл мерзімге пестицидті мемлекеттік тіркеуге келісу немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуге келісуден бас тарту туралы ұсынымдарды қамтыған сараптама қорытындысын жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған кезде, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес пестицидті мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен келісулер мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидті ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданудан ықтимал тәуекелдердің болуы немесе болмауы және пестицидтің әсер етуші затының немесе пестицидтің өзінің Тізбеде және (немесе) Тізілімде болмауы тұрғысынан жүзеге асырылады.
Пестицидтің препараттық нысанын өндіруші тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидті өндірушіге сәйкес келеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін жауапты орындаушы пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
2) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат) ұсынуға жол беріледі);
3) балара шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат) ұсынуға жол беріледі);
4) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес пестицидті өндіруші немесе тіркелуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;
5) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмелері;
6) қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін жауапты орындаушы пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат) негізінде зертханалық зерттеулермен не есептеу әдісімен пестицидтің қауіптілік класын растай отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындысының электрондық көшірмесін қоса береді.
Пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындыда «Кеден одағында санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөлімінің 17-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.
Ведомство пестицидке арналған тіркеу дерекнамасының материалдарын қарағаннан және уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімін алғаннан кейін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) пестицидті мемлекеттік тіркеу және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы қорытынды;
2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды беру туралы.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданысы қолданылатын тіркелген пестицидтің әсер етуші затының химиялық құрамы мен мөлшерінің оны мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әсер етуші затының химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте аталған сәйкессіздік фактісін анықтау мемлекеттік фитосанитариялық бақылау жүргізу негізінде жүзеге асырылады:
оның қорытындылары бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспектор іріктеп алған және өндірісте қолданылатын тіркелген пестицидтің әсер етуші затының химиялық құрамы мен мөлшерінің оны мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әсер етуші затының химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келуі мәніне анықтау мақсатында аккредиттелген зертханаларға жолдаған пестицидтердің үлгілерінің талдау нәтижелерін қоса бере отырып, өндірісте қолданылатын тіркелген пестицидтің әсер етуші затының химиялық құрамы мен мөлшерінің оны мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әсер етуші затының химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеуі анықталынады.
Сәйкессіздік фактісі анықталған жағдайда, Ведомство пестицидке тіркеу куәлігінің қолданылуын 12 (он екі) ай мерзімге тоқтату тұру туралы шешім қабылдайды, тіркелушіге (өтінім берушіге) анықталған сәйкессіздік туралы және сәйкессіздік себептерін түсіндіре отырып, хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ресми хат ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Тіркелуші (өтінім беруші) сәйкессіздік себептерін түсіндірген ресми хатты ұсынған жағдайда, Ведомство материал ұсынылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде материалдарды қарайды және пестицидке арналған тіркеу куәлігінің тіркелген қолдану мерзімін жандандыру туралы немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта жандандыру Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Осы Қағидалардың 48-тармағының 2), 3), 3-1), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде Ведомство пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды, пестицидтер тізіміне және оның толықтырулары тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.
Шешім қабылдағаннан кейін Ведомство 10 (он) жұмыс күні ішінде тіркелушіге (өтініш берушіге) пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданысын тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тіркелуші (өтініш беруші) жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға пестицидке арналған тіркеу куәлігін қайтарады.
50. Тіркелген пестицидтің рецептурасы мен өндіру технологиясын сақтай отырып, оның өндірушісі ауысқан немесе қосылған кезде, тіркелуші (өтінім беруші) пестицидтің болжанып отырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелерден 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей Ведомстваға электронды түрде портал арқылы осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рецептурасы мен тіркелген пестицидті өндіру технологиясын сақтай отырып, оны өндірушіні ауыстыруға немесе қосуға арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігін жою және оны пестицидке арналған жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру не өндірушіні ауыстырудан немесе қосудан бас тарту туралы және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Бұл ретте мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидтің жаңа тіркеу және өндірістік сынақтары жүргізілмейді.
Тіркелуші (өтінім беруші) ұсынған құжаттарды қарастыруды, шешім қабылдауды, пестицидке жаңа куәлік ресімдеу мен беруді Ведомство оларды ұсынған күнінен бастап 18 (он сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Тiркелушi (өтінім беруші) ауысқан кезде тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға портал арқылы электронды түрде осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркелушiні (өтінім беруші) ауыстыруға арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тiркелушiнің (өтінім берушінің) атауы өзгерген кезде тiркелуші (өтінім берушi) Ведомствоға портал арқылы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркелушiнің (өтінім берушінің) атауын өзгертуге арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің күшін жою және оны жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру немесе тіркелушіні (өтініш берушіні) ауыстырудан немесе тіркелушінің (өтініш берушінің) атауын өзгертуден бас тарту туралы және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің күшін жою және қолданылу мерзімі мен жаңа тіркелуші (өтінім беруші), пестицидтің саудалық атауы, оның әсер етуші заты, пестицидті қолдану регламенттері туралы ақпаратты, сондай-ақ жаңа тіркеу нөмірі мен жаңа ресімдеу күнін бере отырып пестицидті өндіруші туралы ақпаратты көрсете отырып, оны жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде Ведомство пестицидтер тiзiмiне және оның толықтыруларының тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.
Бұл ретте пестицидті мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидтің жаңа ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтары жүргізілмейді.
Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қарастыруды, шешім қабылдауды, пестицидке жаңа тіркеу куәлігін ресімдеуді және беруді Ведомство олар ұсынылған күнінен бастап 18 (он сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
1-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
13-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
14-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
14-1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 6 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
1-қосымша
Пестицидтерді тіркеу
 (ұсақмөлдекті және өндірістік)
 сынақтарынан өткізу және мемлекеттік
 тіркеу қағидаларына
1-1-қосымша
«Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:

1) пестицидтi (тіркеу) ұсақмөлдекті сынақтардан өткізу;

2) пестицидтi (тіркеу) өндiрiстiк сынақтардан өткізу.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) ұсақмөлдекті сынақтар өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

2) өндірістік сынақтар өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама беру кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

3) пестицидке тіркеу куәлігін беру кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

4) тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) аясын кеңейту кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

5) пестицидтерді уақытша тіркеу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

6) рецептурасы мен оны өндіру технологиясын сақтай отырып, тіркелген пестицидті өндірушіні ауыстырған немесе қосқан кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

7) пестицидті қайта тіркеу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

8) тіркелуші (өтініш беруші) ауысқан кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

9) тіркелушінің (өтініш берушінің) атауы өзгерген кезде – 18 (он сегіз) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ұсақмөлдекті сынақтар өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама, өндірістік сынақтар өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама, пестицидке тіркеу куәлігі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (тіркелуші (өтінім беруші) жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Ұсақмөлдекті сынақтар өткізу үшін:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiм;

2) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;

3) өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі өтінім берілген пестицидтер құрамы нормативтерінің электрондық көшірмесі;

4) өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілерінде өтінім берілген пестицидтердің қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдiстемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері;

5) пестицидтi өндіруші елде пестицидтi және оның әсер етуші заттарын өндіруге рұқсатты куәландыратын электрондық құжаттың көшірмесі;

6) пестицидті ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге өтінім берілген әсер етуші заттың немесе пестицидтің өзінің 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының («Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 131 шешімімен енгізілген) әкелуге тыйым салынған және А және В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының және басқа да орнықты органикалық ластағыштардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) және (немесе) «Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-276/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21804 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілмегенін растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың электрондық хаттарының көшірмелері.

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Өндірістік сынақтар өткізу үшін:

1) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндiрiстiк сынақтардан өткізуге арналған өтінім.

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Пестицидке тіркеу куәлігін алу үшін:

1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім;

2) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылыққа тиімділігін бағалау жөніндегі ұсақмөлдекті сынақтардың нәтижелері туралы есептің және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылыққа тиімділігін бағалау жөніндегі өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептің (бұдан әрі – пестицидтің ұсақ мөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер) электрондық көшірмелері;

3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;

4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;

5) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;

6) қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат);

7) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірме не электрондық құжат));

8) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));

9) пестицидтегі әсер етуші затты анықтаудың талдамалық әдісінің электрондық көшірмесі. Тіркелуші (өтініш беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайына бейімдеуді жүргізеді;

10) Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде және биологиялық ортада пестицидтің (қажет болған жағдайда метаболиттердің) қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері;

11) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі пестицид құрамы нормативтерінің электрондық көшірмелері (өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтің ең жоғары жол берілетін деңгейі, су айдындарының суындағы пестицидтің шекті жол берілетін концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК), жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы және атмосфералық ауадағы пестицидтің әсер етуінің шамаланған қауіпсіз деңгейі, топырақтағы ШЖК (Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен немесе Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бекітілген);

12) пестицидті өндіруші мен тіркелуші (өтініш беруші) арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі;

13) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес пестицид өндіруші немесе пестицидті тіркеуші (өтініш беруші) әзірлеген химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;

14) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсыныстардың электрондық көшірмелері;

15) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар электрондық көшірмесі.

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Пестицидке тіркеу куәлігін алу үшін (тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласын кеңейту кезінде):

1) Қағидаларға 14-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейген кездегі өтінім;

2) пестицидтің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмелері;

3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;

4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің қалдық мөлшерінің құрамын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;

5) тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде пестицидтің (қажет болған жағдайда метаболиттердің) қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі);

6) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтердің құрамы нормативтерінің электрондық көшірмелері (өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтің ең жоғары жол берілген деңгейі, су айдындарының суындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы және атмосфералық ауадағы пестицидтің әсер етуінің шамаланған қауіпсіз деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасы немесе Украина, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен);

7) қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат);

8) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));

9) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));

10) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсыныстардың электрондық көшірмесі;

11) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар электрондық көшірмесі;

12) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің электрондық көшірмесі.

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Пестицидтерді уақытша тіркеуді алу үшін:

1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті уақытша тіркеуге арналған өтінім;

2) ғылыми-зерттеу мекемелерінің анықталған зиянды немесе аса қауіпті зиянды организмдерге немесе карантиндік объектілерге қарсы жүргізудің қажеттілігін талдай және негіздей отырып, тәуекелі төмен биологиялық препаратты, пестицидті уақытша тіркеуді жүргізудің орындылығы туралы кемінде 2 (екі) ұсынымының болуы;

3) Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінде осындай қолдану саласы бойынша (сол дақылда және сол зиянды организмдерге қарсы) пестицидтің, тәуекелі төмен биологиялық препараттың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың болуы.

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Тіркелген пестицидті өндірушіні оны өндірудің рецептурасы мен технологиясын сақтай отырып ауыстырған немесе қосқан кезде:

1) Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рецептурасы мен тіркелген пестицидті өндіру технологиясы сақтала отырып, оны өндіруші ауысқан кезде арналған өтінім;

2) тіркелуші (өтініш беруші) мен пестицидті өндіруші арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісім, сондай-ақ тиісті мемлекеттік уәкілетті органдар жаңа пестицидті өндірушіге берген пестицидті өндіруге арналған лицензия немесе рұқсат;

3) аккредиттелген (сертификатталған) зертханада жүргізілген, пестицид және оның әсер етуші заттарының (оның ішінде әсер етуші заттағы ілеспе қоспалар бойынша) құрамының тіркелген пестицид пен оның әсер етуші затының құрамының бірдейлігін растайтын зертханалық талдау деректері (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде және басқа елдерде қызметті жүзеге асыратын зертханаларда жүргізілген зертханалық талдау нәтижелерін ұсынуға жол беріледі, егер оларда рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) және (немесе) халықаралық стандарттарға (GLP, ISO) сәйкестік сертификаты болса (нотариалды куәландырылған көшірме не электрондық құжат));

4) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда).

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Пестицидті қайта тіркеу үшін:

1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті қайта тіркеуге арналған өтінім;

2) пестицидтерге бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);

3) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;

4) рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат);

5) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірме не электрондық құжат));

6) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі не электрондық құжат));

7) пестицидті өндіруші мен тіркелуші (өтініш беруші) арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі.

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Тіркелуші (өтініш беруші) ауысқан кезде:

1) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушіні (өтінім беруші) ауыстыруға арналған өтінім;

2) тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан тіркелушіні (өтініш берушіні) ауыстыру туралы хат, сондай-ақ пестицидті мемлекеттік тіркеу құқықтары жаңа тіркелушіге (өтініш берушіге) берілгенін немесе тіркелушінің (өтініш берушінің) қайта ұйымдастырылғанын растайтын құжаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері);

3) жаңа тіркелуші (өтініш беруші) атынан пестицидті мемлекеттік тіркеу құқығын алғанын және пестицидтің саудадағы атауын, әсер етуші затты өндірушіні және пестицидтің препараттық нысанын өндірушіні, пестицидті пайдалану (қолдану) регламенттерін сақтағанын растайтын хат;

4) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);

5) осы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген, жаңа тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан ресімделген құжаттар;

6) заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тіркелушілері (өтініш берушілері) үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Тіркелушінің (өтініш берушінің) атауы өзгерген кезде:

1) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушінің (өтінім берушінің) атауын өзгертуге арналған өтінім;

2) тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан пестицидтің саудадағы атауын сақтай отырып, тіркелушінің (өтініш берушінің) атауын өзгерту туралы, әрекет етуші затты өндіруші және пестицидтің препараттық нысанын өндіруші хаты, пестицидті пайдалану (қолдану) регламенттері, сондай-ақ тіркелушінің (өтініш берушінің) атауының өзгергенін растайтын құжаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелер);

3) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);

4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама – заңды тұлғалар үшін (нотариалды куәландырылған көшірмесі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті – тіркелушілер (өтініш берушілер) үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған кезде).

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы;

2) тіркелуші (өтініш беруші) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

3) тіркелушінің (өтініш берушінің) және (немесе) өзі ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

4) пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтерді өндірудің (формуляциялаудың) химиялық құрамының, рецептурасының және технологиясының, ұсақ үлгілік және өндірістік сынақтарды жүргізу үшін мәлімделген пестицидтерді өндірудің (формуляциялаудың) химиялық құрамының, рецептурасының және технологиясының сәйкес келмеуі;

5) патент иелерінің пестицидтерге қатысты өнертабыстарға құқықтарын бұзу;

6) тіркеушіге (өтініш берушіге) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

7) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес тіркелушінің (өтініш берушінің) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

Ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуге уәжді бас тарту үшін ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шарттың болмауы негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Тіркелушінің (өтініш берушінің) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

Тіркелушінің (өтініш берушінің) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 6 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
2-қосымша
Пестицидтердi тiркеу
 (ұсақмөлдекті және өндірістік)
 сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк
 тiркеу қағидаларына
2-1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігі

Агроөнеркәсіптік

кешендегі мемлекеттік

инспекция комитеті

мемлекеттік мекемесі

Республика Казахстан

Министерство

сельского хозяйства

Государственное учреждение

«Комитет государственной

инспекции в агропромышленном

комплексе»

 Ұсақмөлдекті сынақтардан өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама __________________________________________________________ (заңды немесе жеке тұлғаның-тіркелушінің (өтініш берушінің) атауы, БСН/ЖСН)
  Сіздің өтініміңіз 20 ___ жылға арналған ұсақмөлдекті сынақтарды өткізу жоспарына одан әрі енгізу үшін мақұлданғаны туралы хабарлаймыз.
Инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер үшін

Пестицидтің саудалық атауы, препараттық нысаны, әсер етуші затының құрамы, әсер етуші затты өндіруші, препараттық нысанды өндіруші

Препараттың шығыс нормасы (литр/гектарға килограмм/гектарға, литр/тоннаға, килограмм/тоннаға)

Дақыл, өңделетін объект

Зиянды организм

Өңдеу тәсілі, уақыты, шектеулер

Соңғы өңдеу мерзімі, егін жиналғанға дейінгі күндерде, өңдеудің ең жоғары еселігі ( )

1

2

3

4

5

6

Тұқымдарды, биологиялық препараттарды, родентицидтерді егу алдында өңдеуге арналған препараттар үшін.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қоймалық үй-жайларында запастардың зиянкестеріне қарсы қолдануға рұқсат етілген препараттар үшін.
Нан өнімдері жүйесіндегі кәсіпорындарда запастардың зиянкестеріне қарсы қолдануға рұқсат етілген препараттар үшін.

Пестицидтің саудалық атауы, препараттық нысаны, әсер етуші заттың құрамы, әсер етуші затты өндіруші, препараттық нысанды өндіруші

Препараттың шығыс нормасы (литр/гектарға килограмм/гектарға, литр/тоннаға, килограмм/тоннаға)

Дақыл, өңделетін объект

Зиянды организм

Өңдеу тәсілі, уақыты, шектеулер

1

2

3

4

5

дефиолианттар және десиканттар үшін

Пестицидтің саудалық атауы, препараттық нысаны, әсер етуші заттың құрамы, әсер етуші затты өндіруші, препараттық нысанды өндіруші

Препараттың шығыс нормасы (литр/гектарға килограмм/гектарға, литр/тоннаға, килограмм/тоннаға)

Дақыл

Өңдеу тәсілі, уақыты, шектеулер

Соңғы өңдеу мерзімі, егін жиналғанға дейінгі күндерде, өңдеудің ең жоғары еселігі ( )

1

2

3

4

5

өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін

Пестицидтің саудалық атауы, препараттық нысаны, әсер етуші заттың құрамы, әсер етуші затты өндіруші, препараттық нысанды өндіруші

Препараттың шығыс нормасы (литр/гектарға килограмм/гектарға, литр/тоннаға, килограмм/тоннаға)

Дақыл

Мақсаты

Өңдеу тәсілі, уақыты, шектеулер

  ____________________________________________________________________
  (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 6 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
3-қосымша
Пестицидтердi тiркеу
 (ұсақмөлдекті және өндірістік)
 сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк
 тiркеу қағидаларына
13-қосымша
Нысан

Пестицид ыдысының заттаңбасы

Тарная этикетка пестицида

Қолданар алдында мұқият оқу қажет!

Өндiрген және ораған фирма (нақты көрсетiледi), сондай-ақ почталық мекенжайы

1. Пестицидтiң ерекшелейтін аты, тіркелуші (өтінім беруші) фирма.

2. Әсер етуші зат немесе микроорганизмнің түрлік аты, штамның немесе изоляттың аты.

3. Әсер етуші заттың құрамы грамм/литр немесе гектар/килограмм (тiрi жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрi).

4. Пестицидтiң препараттық нысаны.

5. Пестицидтiң және жұмыс сұйықтығының мақсаты, қолданылу технологиясы, шығыс нормасы.

6. Әр дақыл үшін күту мерзiмi.

7. Шектеулер.

8. Пестицидтiң уыттылығы (қауiптiлiк сыныбы көрсетіледі).

9. Пестицидті тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі сақтық шаралары.

10. Төгiлген немесе шашылған пестицидтi зарарсыздандыру тәсiлдерi.

11. Пестицидтiң дайындалған күні.

12. Пестицидтiң жарамдылық мерзімі.

Ескертпе: пестицидтердің бос ыдысын үш рет шайыңыз, қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін жуылған ыдыстың түбін тесіңіз. Ыдысты суды, тамақ өнімдерін, жемді және басқа да тұрмыстық мақсаттарды сақтау үшін пайдаланбаңыз.

Егер техникалық мүмкiндiктері бір құжатқа жазуға мүмкіндік берсе, ыдыс заттаңбасы мен ұсынымдарды бiр орамға біріктіруге болады.

Перед применением внимательно прочитать!

Производство и упаковка фирмы (указывается конкретно), а также почтовый адрес

1. Отличительное название пестицида, фирма регистрант (заявитель).

2. Действующее вещество или видовое название микроорганизма, название штамма или изолята.

3. Содержание действующего вещества в грамм/литр или грамм/килограмм (титр живых клеток или продукта их жизнедеятельности).

4. Препаративная форма пестицида.

5. Назначение, технология применения, норма расхода пестицида и рабочей жидкости.

6. Срок ожидания для каждой культуры.

7. Ограничения.

8. Токсичность пестицида (указывается класс опасности).

9. Меры предосторожности при хранении, транспортировке и применении пестицида.

10. Способы обезвреживания пролитого или рассыпанного пестицида.

11. Дата изготовления пестицида.

12. Срок годности пестицида.

Примечание: пустую тару из-под пестицидов трижды промыть, проткнуть дно промытой тары для предотвращения загрязнения окружающей среды. Не использовать тару для хранения воды, пищевых продуктов, фуража и других бытовых целей.

Возможно совмещение тарной этикетки и рекомендаций в один документ, если технические возможности позволяют нанести это на единицу упаковки.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 6 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
4-қосымша
Пестицидтердi тiркеу
 (ұсақмөлдекті және өндірістік)
 сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк
 тiркеу қағидаларына
14-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігі

«Агроөнеркәсіптік

кешендегі мемлекеттік

инспекция комитеті»

мемлекеттік мекемесі

Республика Казахстан

Министерство

сельского хозяйства

Государственное учреждение

«Комитет государственной

инспекции в агропромышленном

комплексе»

  № ________
Пестицидтерге арналған тіркеу куәлігі
Регистрационное удостоверение на пестицид
  Осы куәлік___________________________________________________________
Настоящее удостоверение выдано
  ____________________________________________________________________
  (заңды немесе жеке тұлғаны атауы аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі /
  наименование юридического или фамилия, имя, отчество (при его наличии
физического лица)
  ____________________________________________________________________
берілді, себебі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015
жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген
Пестицидтерді тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргiзу және
мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес/ в том, что в соответствии с Правилами
проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных)
испытаний и государственной регистрации пестицидов, утвержденными
приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января
2015 года № 4-4/61 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов № 11687),
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  (пестицидтің сауда атауы/ торговое название пестицида)
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  (препаративтiк нысаны/ препаративная форма)
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
пестицидті өндіруші/ производитель пестицида
  20___ жылғы «____» ____________дейін __________мерзімге №_____________
мемлекеттік тіркеуге алынды және мынадай регламенттермен Қазақстан
Республикасының аумағына пестицидтерді өндіруге, әкелуге, сақтауға,
тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат беріледі:
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  получил государственную регистрацию за № ____________ сроком на
  ____________________________________________________________________
  до «____» _________20___ года и разрешается к производству (формуляции),
ввозу, хранению, транспортировке, реализации и применению на территории
Республики Казахстан со следующими регламентами:
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  (Ведомство басшысы, лауазымы/ (Электрондық цифрлық қолтаңбасы/
Руководитель ведомства, должность) Электронная цифровая подпись)
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 6 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
5-қосымша
Пестицидтердi тiркеу
 (ұсақмөлдекті және өндірістік)
 сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк
 тiркеу қағидаларына
14-1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігі

«Агроөнеркәсіптік

кешендегі мемлекеттік

инспекция комитеті»

мемлекеттік мекемесі

Республика Казахстан

Министерство

сельского хозяйства

Государственное учреждение

«Комитет государственной

инспекции в агропромышленном

комплексе»

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту ___________________________________________________________ (заңды немесе жеке тұлғаның-тіркелушінің (өтініш берушінің) атауы, БСН/ЖСН)
  Сіздің 20 __ жылғы ________ № ___ өтініміңізді қарап, келесіні хабарлайды.
  ______________________________________________________________________
  ______________________________________________________________________
 ______________________________________________________________________
                                                   (бас тартуға негіздеме)
  ______________________________________________________________________
  (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)