Bestprofi Logo

Бұйрық № 87-н/қ от 2026-02-23г./Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 87-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 ақпанда № 38038 болып тіркелді

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

1) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының жүзінші және жүз тоғызыншы абзацтарын;

2) 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 7-тармақтарын;

3) 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының жүз оныншы, жүз елу төртінші, жүз жетпіс төртінші, екі жүз он төртінші, екі жүз отыз бірінші, екі жүз отыз екінші, екі жүз отыз үшінші, екі жүз қырық жетінші, екі жүз елу жетінші және екі жүз сексен екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е. Аккенженов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 23 ақпандағы № 87-н/қ Бұйрықпен бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:

«1. Осы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің энергия өндіруші ұйымдарынан және электр энергиясын жеткізушілерден (өндірушілерден) электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығының ішкі субъектілеріне және басқа елдердің тұтынушыларына сату, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларын айқындау, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығы тұтынушылары үшін тарифтерді саралау арқылы атаулы қолдауды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшісінің, инвестициялық тарифті алушылардың, үкіметаралық тарифті алушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін есептеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындарды бөлу, электр энергиясының шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерін, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушысына сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындау, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы шарттар жасасу жағдайлары мен тәртібін айқындайды.»;

«2) базалық баға – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді, инвестициялық тарифті алушыларды, үкіметаралық тарифті алушыларды, жасыл энергия тұтынушыларды, атаулы қолдау алушылар тізіміне енгізілген субъектілерді және шартты тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тиісті сағатта электр энергиясын көтерме сауда нарығы субъектілеріне сататын баға.»;

«28) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы – орталықтандырылған сауда операторы жүргізетін электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері қатысатын электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы;»;

мынадай мазмұндағы 29), 30), 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:

«29) инвестициялық тариф – Заңда көзделген тәртіппен айқындалған, іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға арналған сағаттық тариф;»;

30) инвестициялық тарифті алушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген инвестициялық тарифті алушылар тізбесіне енгізілген электр энергиясын көтерме тұтынушы (өнеркәсіптік объект);

31) үкіметаралық тариф – осы Қағидаларда көзделген тәртіппен айқындалған, іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған жобалар бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға арналған сағаттық тариф;

32) үкіметаралық тарифті алушы – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен үкіметаралық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын және уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жіберілетін үкіметаралық тарифті алушылардың тізбесіне енгізілген электр энергиясын көтерме тұтынушы.»;

«4. Энергия өндіруші ұйымдар, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және қайталама энергия ресурстарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.

Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын оның электр желілері орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана сатуды жүзеге асырады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес жиынтық рұқсат етілген қуаты бес мегаваттан кем электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.

Жиынтық рұқсат етілген қуаты бес мегаваттан кем бөлігінде талап мыналарға қолданылмайды:

1) Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдар;

2) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, оның ішінде мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындар;

3) Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырлар арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар.»;

«7. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша және (немесе) Тұлғалар тобының тізілімінде олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісінен және (немесе) жаңартылатын көздерден ғана сатып алуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.

Бұл ретте жүйелік оператор «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарты негізінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан ұлттық электр желісінің технологиялық және өндірістік мұқтаждарына Заңның 10-бабы 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларда электр энергиясының жоспарлы көлемін сатып алады.

Жүйелік оператор Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) оқшауланған жұмыс салдарынан электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан ұлттық электр желісінің технологиялық және өндірістік мұқтаждарына электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын өткізетін электр энергиясын жеткізушілерден Қазақстан Республикасының аумағына тікелей шетелдік өндірушінің атынан Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алады.»;

«9. Заңның 13-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар, оның ішінде инвестициялық тарифті алушылар, үкіметаралық тарифті алушылар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын цифрлық майнерлер жүйелік оператормен Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметті көрсетуге шарт жасасады.»;

мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2 тармақтармен толықтырылсын:

«11-1. Инвестициялық тарифті алушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 606 қаулысымен бекітілген Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидаларында (бұдан әрі – Инвестициялық тариф қағидалары) айқындалған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушы есептейтін инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алады.

11-2. Үкіметаралық тарифті алушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушы есептейтін үкіметаралық тариф бойынша электр энергиясын сатып алады.»;

«18. Барлық энергия өндіруші ұйымдар желіге жіберілетін электр энергиясын тек электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуды жүзеге асырады, осы қағидаларға 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша және (немесе) олармен бір адамдар тобына кіретін тұтынушыларға, не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топтың әкімшісіне тиісті шарттар жасасады және Заңның 13-бабының 3-1-тармағына сәйкес олармен электр энергиясын сатып алу-сатудың тиісті шарттарын жасасады.

Олармен бірге тұлғалардың бір тобына кіретін тұтынушыларға электр энергиясын өткізетін, энергия өндіруші ұйымдар және олармен бірге бір гибридті топқа кіретін, гибридті топтың әкімшісі Заңның 13-бабы 3-1-тармағының екінші абзацына сәйкес электр энергиясын адамдар тобынан және гибридті топтан тыс сатуды электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте электр энергиясын өз мұқтажы үшін одан әрі сатусыз сатып алатын заңды тұлға тұтынушы болып танылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание