• Мое избранное

Отправить по почте

Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 наурызда № 38111 тіркелді

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 59-бабының 13-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Е. Саденов
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 5 наурыздағы
№ 163 Бұйрыққа
1-қосымша
Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізуді және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Профилактикалық есепке алу мен бақылауды жүзеге асыруды ішкі істер органының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне жетекшілік ететін басшының орынбасары немесе қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы бақылайды, олар тоқсан сайын профилактикалық істердің жүргізілуін тексереді.
2-тарау. Профилактикалық есепке алуды жүргізу тәртібі
3. Профилактикалық есепке алу құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралардың қолданылу кезеңінде келесі санаттар бойыша жүзеге асырылады:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамдарды;
2) мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған адамды;
4) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды;
5) ресми алдын ала ескерту шығарылған адамды;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шаралары қолданылған адамды;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар адамдарды профилактикалық есепке кояды.
4. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және асырау жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарға немесе кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қылмысты профилактикалық есепке алу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12953 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
5. Профилактикалық есепке қойған кезде адамға (заңды өкіліне) оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығы түсіндіріледі;
6. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
7. Ішкі істер органдары профилактикалық есепке қойылған адамдар туралы мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарының жедел-қызметтік және талдамалық қызметіне арналған ақпараттық кешенінің Біріктірілген деректер банкіне енгізеді.
8. Профилактикалық есепке алуда қамтылған мәліметтер құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
9. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарға қатысты профилактикалық іс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Профилактикалық істер ішкі істер органдарының профилактикалық есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкерлерінің сейфтерінде сақталады. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда, оларды автоматтандырылған деректер базасы арқылы жүргізуге рұқсат етіледі.
10. Заңның 60-бабына сәйкес осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген нысан бойынша адамға қорғау нұсқамасын шығарғаннан кейін қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы тәулік ішінде профилактикалық есепке алуды жүргізетін жауапты қызметкерді айқындайды.
11. Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдарды профилактикалық есепке алуды қылмыстық-құқықтық немесе әкімшілік-құқықтық әсер ету шектеулері мен шараларының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін заңды күшіне енген сот қаулысының негізінде тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторлары жүзеге асырады.
Сот қаулысын алғаннан кейін ішкі істер органдарының қызметкері үш тәулік ішінде мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған адамды тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепке қою шараларын қабылдайды.
Профилактикалық есепке қою кезінде ішкі істер органдарының қызметкері сот белгілеген шектеулермен және ерекше талаптармен, оны профилактикалық есепке қою және оған профилактикалық бақылауды жүзеге асыру туралы, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жаупкершілік туралы жазбаша түрде таныстырады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері соттың шешімімен мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдарды психологиялық көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етеді.
12. Бас бостандығынан айыру бойынша жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты шешім қабылданған адамға қатысты профилактикалық есеп, оның тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген) бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар жазасының өтелмеген бөлігінің мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген алынбаған және жойылмаған соттылығы бар адамдар ретінде профилактикалық есеп санатына ауыстырылады.
13. Ішкі істер органының бастығы немесе оның орынбасары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен жазасын өтеген адамға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны алғаннан кейін, оны өзі тұратын учаскедегі учаскелік полиция инспекторына тапсырады, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген адамның өзі таңдап алған тұрғылықты жері бойынша келуін бақылауды ұйымдастыру тапсырмасын криминалдық полицияның жедел уәкіліне жүктейді.
Учаскелік полиция инспекторы өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген тұлғаға таңдаған тұрғылықты жеріне келгеннен кейін, оны профилактикалық есепке қояды.
14. Заңның 51-бабына сәйкес Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресми алдын ала ескерту шығарған ішкі істер органының қызметкері адамның тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепке алуды жүргізу үшін бір тәулік мерзімде учаскелік полиция инспекторына ресми алдын ала ескертудің түпнұсқасын береді.
15. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары қолданылған адамға қатысты профилактикалық есепті оның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген, алынбаған және өтелмеген соттылығы бар адамдар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылғаннан кейін учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша сотталғандығы өтелгенге немесе алынғанға дейін ішкі істер органдарында профилактикалық есепке қояды.
17. Егер профилактикалық есепте тұрған адам қаланың (облыстың) басқа ауданына немесе өңірге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, оның көшкенінен кейін үш тәулік ішінде ішкі істер органдарына оның келгенін растау үшін сұрау салу жіберіледі.
Ішкі істер органдары профилактикалық есепте тұрған адам келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде адамның жаңа мекенжайы бойынша ішкі істер органдарының тиісті бөлімшесінен профилактикалық істі сұратады.
Адам жаңа тұрғылықты жеріне келгені туралы растауды алынғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде тиісті ішкі істер органдарына профилактикалық іс жіберіледі.
Адам келгені расталмаған жағдайда ішкі істер органдары бес жұмыс күні ішінде оның тұрған жерін және келмеу себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамның орналасқан жері анықталмаған жағдайда ішкі істер органдарының жедел-қызметтік және талдамалық қызметіне арналған ақпараттық кешенінің Біріктірілген деректер банкіне тиісті белгі жасалады.
18. Профилактикалық есепке алу: