• Мое избранное
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 наурызда № 38114 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кепілгер – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы;»;
14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) кредит – банктің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық инвестициялық холдингтің еншілес ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, аймақтық инвестициялық орталықтарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, микроқаржы ұйымдарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит шарты бойынша қарыз алушыға беретін қарыз қаражаты;
15) кредитор – екінші деңгейдегі банктер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық инвестициялық холдингтің банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар еншілес ұйымдары (бұдан әрі − еншілес ұйымдар), аймақтық инвестициялық орталықтары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары;»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау мынадай талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) банктер, еншілес ұйымдар, өңірлік инвестициялық орталықтар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, кредиттік серіктестіктер және микроқаржы ұйымдары айналым қаражатын толықтыруға беретін;
2) кредит мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, 18 (он сегіз) айдан аспайды;
3) сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) %-ға ұлғайтылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген сыйақының базалық мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде;
4) кредит валютасы – теңге;
5) кредитті өтеу – кредиттік шарттың талаптарына сәйкес төлемдерді жүзеге асыру;
6) кредиттің ең жоғары сомасын кепілгер кепілгердің ішкі құжаттары негізінде айқындайды;
7) нысаналы мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кейіннен өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуға аванс төлем жолымен қаржыландыру үшін айналым қаражатын толықтыруға қайта өңдеу кәсіпорындарына кредит беруді қоса алғанда көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге (бұдан әрі – көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстары) айналым қаражатын толықтыру болып табылады;
8) кепілдік мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, кредиттік шарттың мерзімінен 4 (төрт) айға асатын мерзім;
9) кепілдік мөлшері – негізгі борыш сомасының 85 (сексен бес) %-і (қоса алғанда);
10) кепілдік бергені үшін комиссия кепіл сомасының 10 (он) %-нан аспайды, бұл ретте кепіл сомасының 9,99 (тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) %-нан аспайтын бір реттік субсидиялау жүзеге асырылады, ал қарыз алушы кепіл сомасының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) %-ын төлейді;
11) соңғы қарыз алушы кредит қаражатын бөлу мақұлданған егіс алаңдарын сақтандыру бойынша міндеттемелерді қабылдайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген шарт Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары шеңберінде сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға бюджет қаражаты және қолданыстағы сақтандыру лимиті болған кезде қолданылады.
Кепілгер кредитормен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасаса отырып, көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келісімде кепілгердің ішкі құжаттары негізінде қарыз алушыға кредит пен кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілейді. Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кредиттік шарттар дербес кредиттік шарттар ретінде, оның ішінде кредиттік желіні ашу туралы келісім шеңберінде ресімделеді.
Егер кредиттік шарт бойынша кредитор қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымның қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация болған жағдайда, портфельді кепілдендіру туралы келісім кепілгер, еншілес ұйым және кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арасында жасалады.
Кредитордың ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес кредитор қарыз алушының қаржыландыруға арналған өтінішін дербес қарайды.
Кредитор кепілгер кепілдігімен көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы оң шешімді қабылдаған жағдайда, кредиторкредиттік шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілгерге кредиттік шарттың көшірмесін, кредитордыңушінің уәкілетті органының қаржыландыру туралы шешімін, осы Қағидаларға сәйкес кепілдік жөніндегі комиссияның бір бөлігіне ақы төлеу туралы құжатты ұсынады, олардың негізінде кепілгер 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік міндеттемені ресімдейді және кредиторға жібереді.
Кепілдік бойынша талап қою тәртібін және кепілдік міндеттемелері бойынша кепілгердің оны орындауын кепілгер осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтай отырып, портфельдік кепілдік беру туралы келісімге сәйкес жүргізеді.»;
3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлері бойынша және мынадай шарттарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) кредиторлар айналым қаражатын толықтыруға беретін;
2) кредит мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, 18 (он сегіз) айдан аспайды;
3) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) %-ға ұлғайта отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде;
4) кредит валютасы – теңге;
5) кредитті өтеу – кредиттік шарттың талаптарына сәйкес төлемдерді жүзеге асыру;
6) кредиттің ең жоғары сомасын кепілгер кепілгердің ішкі құжаттары негізінде айқындайды;
7) кепілдік мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, кредиттік шарттың мерзімінен 4 (төрт) айға асатын мерзім;
8) кепілдік мөлшері – негізгі борыш сомасының 85 (сексен бес) %-на (қоса алғанда) дейін;
9) кепілдік бергені үшін комиссия кепілдік сомасының 10 (он) %-нан аспайды, бұл ретте кепілдік сомасының 9,99 (тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) % мөлшерінде бір реттік субсидиялау жүзеге асырылады және қарыз алушы кепілдік сомасының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) %-ын төлейді.
Кепілгер кредитормен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасаса отырып, айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келісімде кепілгердің ішкі құжаттары негізінде қарыз алушыға кредит пен кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілейді. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде кредиттік шарттар дербес кредиттік шарттар ретінде, оның ішінде кредиттік желіні ашу туралы келісім шеңберінде ресімделеді.
Егер кредиттік шарт бойынша кредит беруші қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымның қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация болған жағдайда, портфельді кепілдендіру туралы келісім кепілгер, еншілес ұйым және кредиттік серіктестік немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арасында жасалады.
Кредитордың ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес кредитор қарыз алушының қаржыландыруға өтінішін дербес қарайды.
Кредитор беруші кепілгер кепілдігімен айналым қаражатын толықтыруға кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, кредитор кредиттік шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілгерге кредиттік шарттың көшірмесін, кредитордың уәкілетті органының қаржыландыру туралы шешімін, осы Қағидаларға сәйкес кепілдік жөніндегі комиссияның бір бөлігіне ақы төлеу туралы құжатты ұсынады, оның негізінде кепілгер 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік міндеттемені ресімдейді және кредиторға жібереді.
Кепілдік бойынша талап қою тәртібін және кепілдік міндеттемелері бойынша оны кепілгердің орындауын кепілгер осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтай отырып, портфельдік кепілдік беру туралы келісімге сәйкес жүргізеді.»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кепілгердің кепілдік шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе портфельдік кепілдік беру әдісін қолданған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімді, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімді және осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айналым қаражатын толықтыруға кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталының СМАЖ-бен өзара іс-қимылы арқылы электронды түрде беруі;»;
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 1) қарыз алушыны субсидиялау графигі қалыптастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталының СМАЖ-бен өзара іс-қимылы арқылы электронды түрде беруі;»;
21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: