«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

Лицензияның күшiн тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 284 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Людмила Владимировна Терещенкоға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 26 шілдеде берілген № 13011947 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.В. Терещенконың назарына жеткізсін;
2) БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;
3) жекеше нотариус Л.В. Терещенконың мөрін жою ұйымдастырылсын;
4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.В. Терещенконың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Нотариаттық қызметті ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана Әділет департаментінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1-1/7013-вн ұсынысы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 8 қаңтардағы шешімі.
Вице-министр Б. Жақселекова