«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

Лицензияның күшiн тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 283 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дана Боранбаевна Абильмажиноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 13 желтоқсанда берілген № 22023835 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Б. Абильмажинованың назарына жеткізсін;
2) БНАЖ-ға қол жеткізуді тоқтату туралы шаралар қабылдасын;
3) жекеше нотариус Д.Б. Абильмажинованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
4) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Б. Абильмажинованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Нотариаттық қызметті ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана Әділет департаментінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 1-1/6914-вн ұсынысы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 28 қарашадағы шешімі, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 12 ақпандағы қаулысы.
Вице-министр Б. Жақселекова