БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38245 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші абзацтарын, 2, 3-тармақтарын, 4-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші абзацтарын, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарын, 16-тармақтың бесінші, алтыншы, он бірінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, қырық үшінші, қырық төртінші, елу екінші, елу үшінші, елу жетінші, елу сегізінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 11 шілдеден бастап:
Тізбенің 16-тармағының алпысыншы және алпыс бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«69. Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Іріктеу рәсімінің әкімшісі қамтамасыз етеді.
70. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес «цифрлық үкіметтің» операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.»;
Тізбенің 16-тармағының жүз жетінші және жүз сегізінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«52. Іріктеу рәсімінің әкімшісі мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
53. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес «цифрлық үкіметтің» операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Іріктеу рәсімінің әкімшісіне жібереді.».
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазықбай
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2026 жылғы 31 наурыздағы № 52 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.»;
5-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушіні, «цифрлық үкімет» операторын, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығын Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап ол туралы үш күн ішінде хабардар етеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидат Тізбенің 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Бірыңғай байланыс орталығында ала алады.»;
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Е-қызмет» интегралды цифрлық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Кандидаттар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің нәимжелерін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «цифрлық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.»;
30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша «Е-қызмет» интегралды цифрлық жүйесінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 1-1-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
www.egov.kz «цифрлық үкiметтің» веб-порталы |

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |