Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 29 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38317 тіркелді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін:
Тізбенің 7-қосымшасының 12-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Уәкілетті банк, валюталық бақылау агенттері болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған иеленушінің келісімі болған кезде, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген иеленушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен цифрлық құжаттар сервисінен деректерді пайдаланады;»;
Тізбенің 8-қосымшасы 2-тармағының бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба турал» Қазақстан Республикасының Заңында және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) көрсетілген мағынасында қолданылады.»;
Тізбенің 8-қосымшасы 32-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«32. Банктер, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары Ұлттық Банкке Қағидаларға сәйкес талап етілетін ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді, есептерді) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру рәсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық тәсілмен ұсынады.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 31 наурыздағы № 29 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18214 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеу екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – банктер), шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банктер болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың (бұдан әрі – кәсіби қатысушылар) және олардың клиенттерінің ішкі валюта нарығындағы операциялары, клиенттердің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы және шетел валютасындағы банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар туралы ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есептерді жасау кезінде операцияларды жіктеу есептердің нысандарында көзделген нақтылау ескеріле отырып, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Есептер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) орталық аппаратына электрондық нысанда ұсынылады және мыналарды қамтиды:»;
1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларына 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: клиенттердің банктік шоттары және банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдары бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-INV
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___ жылғы «___» ______________жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, Ұлттық пошта операторы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (онына) (қоса алғанда) дейінгі мерзімде, ай сайын.
БСН:________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
теңгемен
| № | Көрсеткіштің атауы | Жолдың коды | Барлығы | резиденттер | бейрезиденттер | ||
| оның ішінде мыналармен операциялар бойынша: | оның ішінде мыналармен операциялар бойынша ша: | ||||||
| резиденттермен | бейрезиденттермен | резиденттермен | бейрезиденттермен | ||||
| А | Б | В | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1-бөлім. Клиенттер пайдасына шетел валютасы түсуі | |||||||
| 1 | Барлығы | 10000 |
|
|
|
|
|
| 2 | оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
| 3 | контрәріптестердің банктік шоттарға төлемдері мен ақша аударымдары: | 11000 |
|
|
|
|
|
| 4 | жеке тұлғалардың | 11100 |
|
|
|
|
|
| 5 | заңды тұлғалардың | 11200 |
|
|
|
|
|
| 6 | оның ішінде мына операциялар бойынша: |
|
|
|
|
|
|
| 7 | тауарлар мен материалдық емес активтерді сату | 11210 |
|
|
|
|
|
| 8 | қызметтер көрсету | 11220 |
|
|
|
|
|
| 9 | берілген қарыздар бойынша борыштың негізгі сомасын және кіріс алу | 11230 |
|
|
|
|
|
| 10 | қарыздар тарту | 11240 |
|
|
|
|
|
| 11 | бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар: | 11250 |
|
|
|
|
|
| 12 | басқа да ақша аударымдары | 11260 |
|
|
|
|
|
| 13 | банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жасалған аударымдар | 12000 |
|
|
|
|
|
| 14 | клиенттердің өз банктік шоттарынан ақша аударымдары | 13000 |
|
| X | X |
|
| 15 | одан, мыналарда ашылғаны: |
|
|
|
|
|
|
| 16 | резидент-банктерде | 13001 |
|
| X | X |
|
| 17 | бейрезидент-банктерде | 13002 |
|
| X | X |
|
| 18 | теңгеге шетел валютасын сатып алу | 14000 |
|
|
|
|
|
| 19 | оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
| 20 | жеке тұлғалардың сатып алуы | 14100 |
|
|
|
|
|
| 21 | заңды тұлғалардың сатып алуы | 14200 |
|
|
|
|
|
| 22 | қолма-қол шетел валютасын банктік шоттарға есепке алу | 15000 |
|
|
|
|
|
| 23 | оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
| 24 | жеке тұлғаларға | 15100 |
|
|
|
|
|
| 25 | заңды тұлғаларға | 15200 |
|
|
|
|
|
| 2-бөлім. Клиенттердің шетел валютасын алуы және (немесе) аударуы | |||||||
| 26 | Барлығы | 20000 |
|
|
|
|
|
| 27 | оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
| 28 | контрәріптестерге банктік шоттардан төлемдер жүргізу және ақша аудару: | 21000 |
|
|
|
|
|
| 29 | жеке тұлғалардың | 21100 |
|
|
|
|
|
| 30 | заңды тұлғалардың | 21200 |
|
|
|
|
|
| 31 | оның ішінде мына операциялар бойынша: |
|
|
|
|
|
|
| 32 | тауарлар мен материалдық емес активтерді сатып алу | 21210 |
|
|
|
|
|
| 33 | көрсетілетін қызметтерді алу | 21220 |
|
|
|
|
|
| 34 | қарыздар беру | 21230 |
|
|
|
|
|
| 35 | қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау | 21240 |
|
|
|
|
|
| 36 | бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар: | 21250 |
|
|
|
|
|
| 37 | басқа да ақша аударымдары | 21260 |
|
|
|
|
|
| 38 | банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар | 22000 |
|
|
|
|
|
| 39 | клиенттердің өз банктік шоттарына ақша аударымдары | 23000 |
|
| X | Х |
|
| 40 | одан, мыналарда ашылғаны: |
|
|
|
|
|
|
| 41 | резидент-банктерде | 23001 |
|
| Х | Х |
|
| 42 | бейрезидент-банктерде | 23002 |
|
| Х | Х |
|
| 43 | теңгеге шетел валютасын сату | 24000 |
|
|
|
|
|
| 44 | оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
| 45 | жеке тұлғалардың сатуы | 24100 |
|
|
|
|
|
| 46 | заңды тұлғалардың сатуы | 24200 |
|
|
|
|
|
| 47 | өз банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алу | 25000 |
|
|
|
|
|
| 48 | одан: |
|
|
|
|
|
|
| 49 | жеке тұлғалардың алуы | 25100 |
|
|
|
|
|
| 50 | заңды тұлғалардың алуы | 25200 |
|
|
|
|
|
Атауы __________________ Мекенжайы ____________________________
Телефоны _________________________________________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |