• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 16 наурыздағы № 25 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38217 тіркелді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларында:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қағидаларда Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) және «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерінде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері санатына жатады;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қағидалардың 12-1-тармағына сәйкес өзге нысанда жарғылық капитал мөлшерін одан әрі қамтамасыз ету мүмкіндігімен заңды тұлғаның жарғылық капиталы банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алуға құжаттар берілгенге дейін ақшалай нысанда толық көлемде қалыптастырылады.
Заңды тұлғаның жарғылық капиталының мөлшері кемінде:
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – 50 000 000 (елу миллион) теңгені;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта есептеу, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қосымша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені құрайды;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) заңды тұлғаның меншік құқығында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті кемінде екі көлік құралы болады. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде мына құжаттарды:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
3) «цифрлық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден:»;
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1. Заңды тұлға бүкіл қызметін жүзеге асыру кезеңі ішінде жарғылық капиталдың мөлшері Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Жарғылық капиталда Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген қажет соманың болуы заңды тұлғаның шоттарындағы ақшамен, жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, мүліктік құқықпен, оның ішінде жер пайдалану құқығымен және зияткерлік қызмет нәтижесіне және өзге де мүлікке құқықпен қамтамасыз етіледі.
Жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мүліктік құқық, оның ішінде жер пайдалану құқығы және зияткерлік қызмет нәтижесіне құқық ретіндегі салымдар тәуелсіз бағалау актілері қоса беріле отырып, ақшалай нысанда бағаланады.»;
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға берілген лицензиядан айыру «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 83-бабының 2-тармағында, сондай-ақ Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 45-бабының 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлға шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдаған шешімі туралы Ұлттық Банкке жазбаша түрде еркін нысанда не тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы хабарлайды.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық Банк Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына Қағидаларға көрсетілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің ресми жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді.»;
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш беруші лицензия беру туралы өтінішті «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып сұратудың мемлекеттік қызмет көрсетуге қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.»;
22-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
««Цифрлық үкіметтің» веб-порталында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жіберіледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.»;
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
11-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында: