• Мое избранное
Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 42 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38345 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 63-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 9-4-бабының 3 және 11-тармақтарына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) қоса беріліп отырған Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің және екінші бөлігі 11) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Әлеуметтік кодексте, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Банктер туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.»;
«10) портал – «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы;»;
Қағидаларға 4-қосымшаның реттік нөмірі 2-жолының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

»

белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы  М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 42 қаулысымен
бекітілген
Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 63-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 34-бабына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 54-бабына, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры туралы заң) 4-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 45-бабына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 9-4-бабының 3 және 11-тармақтарына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор), бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін айқындайды.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағына және 79-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қағидалар бірыңғай оператордың және орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
2-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Әлеуметтік кодексте, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Банктер туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) жауапты бөлімше – уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесі;
2) кандидат – нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе нарық субъектісі басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған адам;
3) келісім – уәкілетті органның нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі;
4) көрсетілетін қызметті алушы – нарық субъектісі, кандидат;
5) қаржы ұйымы – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, Қор, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, орталық депозитарий, бірыңғай оператор; микроқаржы ұйымы;
6) қолданыстағы келісімдер тізілімі – нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдер тізілімі;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
8) нарық субъектісі – банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, Қор, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, орталық депозитарий, бірыңғай оператор;
9) өтінішхат – уәкілетті органның нарық субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін беру туралы өтінішхат;
10-тармақшаның қолданысы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
10) портал – «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы;
11) филиал – Қазақстан Республикасының бейрезиденті банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;
12) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
3. Нарық субъектісінің уәкілетті органмен келісуге жататын басшы қызметкерлерінің тізбесі Әлеуметтік кодекстің 63-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1 және 4-тармақтарында, 79-бабының 1-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында, Банктер туралы заңның 45-бабының 1,2, 3, және 4-тармақтарында айқындалған.
4. Мына басшы қызметкерлер Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда:
1) орталық депозитарийдің, сауда-саттықты ұйымдастырушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және Қордың басқару органының құрамына кіретін уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өкілдері;
2) уәкілетті органмен келісілген лауазымнан нарық субъектісінің бір органы шеңберінде төмен тұрған лауазымға ауыстырылған басшы қызметкерлер;
3) уәкілетті органмен келісілген атқарушы орган басшысының, оның орынбасарының немесе мүшесінің не басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымынан Әлеуметтік кодекстің 63-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, 3-тармағы 2) тармақшасының, 4-тармағы 4) тармақшасының, Банктер туралы заңның 45-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының, 2-тармағы 4) тармақшасының, 4-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін өзге де басшы лауазымына немесе уәкілетті органның уәжді пайымдауын пайдалана отырып басшы қызметкер лауазымы деп танылған лауазымға ауыстырылған басшы қызметкерлер;
4) уәкілетті органмен келісілген банк холдингінің, сақтандыру холдингінің атқарушы органы мүшесінің немесе басқару органы мүшесінің лауазымынан банк холдингінің, сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) банк холдингі, сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшысы лауазымына ауыстырылған;