• Мое избранное
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 29 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38308 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 22-тармағына, 22-бабының 8-тармағына, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4-тармағына және 5-3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 1-тармағына, 80-бабының 2-тармағына және 88-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптары, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
Қағидалардың 1-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөліктің мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.»;
Қағидалардың 2-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.»;
Қағидалардың 4-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«4. Талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия беру туралы өтініш уәкілетті органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынады (байланыс телефондарын және байланысатын адамдардың электрондық почтасының мекенжайларын көрсете отырып).
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.»;
Қағидалардың 5-тармағы бесінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөліктің мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен:
Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын;
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.»;
Қағидалардың 6-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«6. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның 2-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

;
Қағидаларға 1-қосымшаның 6-тармағы төртінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшаның мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;»;
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағының екінші бөлігі 2) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшаның мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;»;
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағының үшінші бөлігі 2) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшаның мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағының төртінші бөлігі 2) және 3) тармақшаларының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшалардың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) олардың ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағының бесінші бөлігі 3) және 3) тармақшаларының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшалардың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) олардың ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.»;
Қағидаларға 2-қосымшаның 4-тармағы төртінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөліктің мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.»;
Қағидаларға 4-қосымшаның 3-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөліктің мынадай редакцияда қолданылатынын: