«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының 2-тармағына және 127-бабының үшінші бөлігін сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 сәуірде № 38399 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының 2-тармағына және 127-бабының үшінші бөлігін сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысымен бекітілді
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 121-бабының 2-тармағына және 127-бабының үшінші бөлігін сәйкес әзірленді және банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Қағидалар сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын банктерге қолданылады.
Сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын банктерге қатысты қолданылатын осы Қағидалардың ережелері Банктер туралы заңның 126-бабының 2, 4-тармақтарында және 127-бабында және Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Банктер туралы заңның 126-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, осы банктерді құру туралы келісімдерде және олардың құрылтай құжаттарында айқындалады.
3. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк кредиторы – таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;
3) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;
4) ең төменгі баға – бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;
5) кепілдік беру жөніндегі ұйым - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;
6) кредиторлар комитеті – кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиторларынан құрылатын орган;
7) кредиторлар санаты – талаптары біртекті сипатта болып келетін және Банктер туралы заңның 123-бабында көзделген белгілі бір кезектілік шеңберінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;
8) кредиторлар талаптарының тізілімі – уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;
9) күтпеген шығыстар – тарату комиссиясының мөлшері бір тоқсанда жиынтығында бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кезек күттірмейтін мұқтаждарға арналған жоспарланбаған шығындары;
10) құндылықтар - төлем құжаттары, құжаттардың бланкілері, бағалы қағаздар, бағалы металдар, асыл тастар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, қоймалардың (сейф бөлмелерінің), сейф депозитарийлерінің, автоматты режимде жұмыс істейтін құрылғылардың және оларға кассеталардың кілттері (кілттердің көшірмелері), қорғалатын банк ақпараты сақталатын электрондық (цифрлық) тасымалдағыштар;
11) лот – бірлікті сату үшін бөлінбейтін (бөлінетін) бірліктерге ажыратылған, аукционға қойылатын мүлік;
12) мерзімді баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және 3 (үш) айда кемінде бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар;
13) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың бағасы;
14) сату объектісі – жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылатын таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырландырылған өзге мүлік;
15) сатушы – таратылатын банктің тарату комиссиясы;
16) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;
17) сауда-саттық жеңімпазы – сауда-саттықта лотқа неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
18) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;
19) сауда-саттыққа қатысушы – сауда-саттық ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтініш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оның қатысушысы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
20) сауда-саттықтың ағылшын әдісі – лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;
21) сауда-саттықтың голланд әдісі – лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі лотты мәлімделген баға бойынша сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;
22) банктің тарату комиссиясы – банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын банк лицензиядан айыру күнінен бастап тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті орган тағайындайтын (босататын) орган;
23) тарату комиссиясының шығыстары – банкті мәжбүрлеп тарату процесінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі – тарату шығыстары);
24) тарату массасы – банктің істерін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған таратылатын банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері;
25) тарату массасының мақсатсыз жұмсалуы – уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
26) тарату шығыстарының сметасы – уәкiлеттi органмен келісім бойынша кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарын көрсететін құжат;
27) тарату өндірісі – банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;
28) таратылатын банк – сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы;
29) таратылатын банктің борыштық міндеттемесі – орындау мерзімі басталған, олардың пайдасына банк кепілдігі берілген кредиторлар алдындағы таратылатын банктің міндеттемесі;
30) таратылатын банктің мүлкі – құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгізілген мүліктік игіліктер мен құқықтардың жиынтығы;
31) уақытша әкімшілік – банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға банктің банк лицензиясынан айырған күннен бастап кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын уақытша орган;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |