БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38464 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, Тізбенің 1-тармағының сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын; Тізбенің 3-тармағының алтыншы, тоғызыншы, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма тоғызыншы, отыз, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші абзацтарын, Тізбенің 4-тармағының сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын, Тізбенің 5-тармағының сегізінші, оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын, Тізбенің 6-тармағының сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылдың 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылдың 12 шілдесіне дейін мыналар белгіленсін:
Тізбенің 1-тармағының жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 2-тармағының он бірінші және он екінші абзацтары мындай редакцияда қолданылады:
«8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 3-тармағының отыз бірінші және отыз екінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:
«12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 3 -тармағының елу екінші және елу үшінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 4-тармағының он үшінші абзацы мындай редакцияда:
«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі..»;
Тізбенің 5-тармағының он төртінші және он бесінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:
«16. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 6-тармағының он үшінші абзацы мынадай мынадай редакцияда қолданылады:
«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.».
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ч. Аринов «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 157 Бұйрыққа қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) әзірленіп жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін және «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармағының сегізінші абзацы осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес 2025 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«6. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz (бұдан әрі-портал):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, бөлшектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтықтарды, соққы ауа толқынының әсерін, жарылыс кезіндегі улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерді нақтылайтын есептеулер көрсетілген мәліметтерді қамтитын электрондық құжат;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбырларды, электр беру желілерін көрсете отырып, жергілікті жердің жоспарын қамтитын электрондық құжат;
жер асты жағдайында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін қою орнын, сондай-ақ газ бен шаң бойынша шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) қауіптілігі туралы мәліметтерді жаза отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын қамтитын электрондық құжат.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып, сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті аймақты күзету және жұмыс бейіндерінің схемаларын қамтитын электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |