«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38504 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
Тізбеге 1-қосымшаның 4-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«3) жеке тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иелерінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің болуы;»;
Тізбеге 2-қосымшаның 9-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«1) өз функцияларын толық көлемде және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте банктің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алуды;»;
Тізбеге 2-қосымшаның 12-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«12. Банк ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.»;
Тізбеге 2-қосымшаның 30-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде банк клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе банк клиентті тиісінше тексеру шараларын негізге алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.»;
Тізбеге 2-қосымшаның 39-тармағы бірінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«39. Банк автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану арқылы ағымдағы шоттары бойынша шығыс операциялары жүргізілетін, бұл ретте клиенттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты төлемдері, коммуналдық төлемдері, салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдері жоқ клиенттерді айқындайды:
1) клиентке тәуекелдің жоғары деңгейін беру орындылығын айқындау және оған қатысты күшейтілген тиісті тексеру шараларын жүргізу мақсатында ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысына тереңдетілген мониторинг жүргізеді;
2) клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда Талаптарда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен көзделген іс-шараларды жүргізеді.»;
Тізбеге 3-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«1) өз функцияларын толық көлемде және қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте қордың барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;»;
Тізбеге 3-қосымшаның 11-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«11. Қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қордың ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.»;
Тізбеге 3-қосымшаның 26-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Қор КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына қор сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе қаржы мониторингінің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.»;
Тізбеге 4-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;»;
Тізбеге 4-қосымшаның 11-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«11. Ұйым ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.»;
Тізбеге 4-қосымшаның 27-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйымдар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына ұйым сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе қаржылық мониторингтің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.»;
Тізбеге 5-қосымшаның 9-тармағы 2) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;»;
Тізбеге 5-қосымшаның 12-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«12. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау ережелерінің талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.»;
Тізбеге 5-қосымшаның 30-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сүйенетін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру шараларына арналған мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті тиісінше тексеру шараларына сүйенетін басқа қаржылық мониторинг субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.»;
Тізбеге 6-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«1) өз функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қор биржасының барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға рұқсат алу;»;
Тізбеге 6-қосымшаның 10-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«10. Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қор биржасының ішкі бақылау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.»;
Тізбеге 6-қосымшаның 23-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Қор биржасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор биржасы клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерді тиісінше тексеру шараларына қор биржасы басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.»;
Тізбеге 7-қосымшаның 8-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;»;
Тізбеге 7-қосымшаның 24-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиентті тиісінше тексеру шараларына ұйым басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа қаржылық мониторинг субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |