Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Законодательство -
Тип документа:
Кодекс










Законодательство
Кодекс
Отправить по почте

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 325 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«69) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;»;
79) және 79-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«79) цифрлық жүйелердің және дерекқорлардың жұмысы, оларды сүйемелдеу және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
79-1) «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесі арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және цифрлық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«84) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, «Шетелдік жұмыс күші» цифрлық жүйесін құру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;»;
93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«93) көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті цифрлық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;»;
126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«126) орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының цифрлық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ алушылар мен зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
143-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«143-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрландыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін айқындау;»;
185-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«185-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«194) мемлекеттік және (немесе) әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 194-1), 194-2), 194-3) және 194-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«194-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз ету;
194-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыру процесін бағалауды жүргізу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматқа ауыстыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін цифрландыру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беруді қамтамасыз ету;
194-3) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті, композиттік және эксаумақтық түрлеріне көшіру бойынша шаралар қабылдау;
194-4) әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
198) және 199) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«198) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және (немесе) әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер, оның ішінде электрондық қызметтер көрсету;
199) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және (немесе) әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру;»;
208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«208) жұмыспен қамту саласындағы электрондық цифрлық ресурстар мен цифрлық жүйелерді, цифрлық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;»;
229-23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229-23) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |