• Мое избранное
Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38587 тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері (бұдан әрі – Банктерге арналған нормативтер);
2) Ислам банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының 7) және 8) тармақшаларын, 104-тармағының 6) және 7) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
Банктерге арналған нормативтердің 99-тармағыныңқолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«99. Уәкілетті орган Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кеткенін не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуін анықтаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу және банк қызметіне байланысты тәуекелдерді ұлғайту тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны уәкілетті органға мақұлдау үшін ұсынады.
Іс-шаралар жоспары, мыналармен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:
Лимиттің егжей-тегжейлі талдауы;
Лимиттің болжамы, осы болжамның негіздемесі және Лимиттің банк қызметіне теріс әсері;
Лимитті жақсарту жөніндегі шаралар, оның ішінде оны банк қызметіне қауіп төндірмейтін және қосымша тәуекелдер туғызбайтын деңгейге дейін жеткізуді көздейтін шаралар;
Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген лимит анықталған жағдайда, әрбір есепті кезеңде іске асырылуы жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар бөлінісінде;
іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері;
іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлердің тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
Іс-шаралар жоспары ұсынылған жағдайда, Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кетуі не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуі осы лимиттердің бұзылуы ретінде қаралмайды.»;
Банктерге арналған нормативтердің 102-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын:
«102. Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кетуі не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуі банк тарапынан дербес анықталған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынады.».
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 85
қаулысымен бекітілді
Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндері және есеп айырысу әдістемелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндері және есеп айырысу әдістемелері (бұдан әрі – Банктерге арналған нормативтер) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 72-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелерін белгілейді.
Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Әмбебап банк лицензиясы бар банктердің сақтауы міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттер құрамына мыналар кіреді:
банктің ең төменгі жарғылық және меншікті капиталы;
меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
бір қарыз алушыға шаққандағы ең жоғары тәуекел;
өтімділік коэффициенттері;
өтімділікті өтеу коэффициенттері және таза тұрақты қорландыру коэффициенттері;
банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдануы;
банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті;
левередж коэффициенті;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға бөлінген активтердің ең төменгі сомасы;
ашық валюталық позиция лимиттері.
Базалық банк лицензиясы бар банктердің сақтауы міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттердің құрамына:
банктің ең төменгі жарғылық және меншікті капиталы;
меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
бір қарыз алушыға шаққандағы ең жоғары тәуекел;
өтімділік коэффициенттері;
өтімділікті өтеу және таза орнықты қорландыру коэффициенттері;
банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті;