• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 12.07.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38619 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр юстиции Республики Казахстан Е. Сарсембаев
КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 406 Бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің (бұдан әрі – БНЦЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекенжайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.»;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. БНЦЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамдар мен олардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген заңды өкілдерінің құжаттары салыстырылып тексеріледі.
7. Заңның 43-бабына сәйкес нотариус жеке тұлғалардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн және мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтайды.
Жеке тұлғаның әрекетке қабілеттілігі оның жеке басын куәландыратын құжаттарын берген сәттен, сондай-ақ әңгімелесу барысында көзбен шолу және БНЦЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында анықталады.
Заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктің, филиалдың (өкілдіктің) құқық қабілеттілігі БНЦЖ арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықталады.
Заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттіктері БНЦЖ арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында және оны лауазымына тағайындау туралы бұйрығымен (шешімі) тексеріледі.
Заңды тұлға, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі оның басшысының немесе осыған оның құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге тұлғаның қолы қойылған, осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат бойынша анықталады.
Жеке тұлға өкілінің өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша тексеріледі (бұдан әрі – ҚР АК).
Нотариус БНЦЖ арқылы Қазақстан Республикасындағы нотариус куәландырған сенімхаттарды беру фактісін тексереді.
8. Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша, қамқоршылыққа алынушыға (қорғаншылыққа алынушыға) қатысты қамқоршының (қорғаншының) өкілеттілігі - қамқоршы және қорғаншы органдардың шешімімен анықталады. Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде белгіленеді, сондай-ақ БНЦЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында және «АХАЖ тіркеу пункті» цифрлық жүйесімен (бұдан әрі – АХАЖ ЦЖ) салыстырылады. Нотариус неке туралы мәліметті БНЦЖ арқылы АХАЖ ЦЖ тексереді.»;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер БНЦЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.
24. Нотариаттық іс-әрекеттерді БНЦЖ электрондық тізілімінде тіркеу тек куәландырушы жазбаға немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойған соң ғана жүргізіледі.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Қайтыс болу фактісі, мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын туысқандық қатынастар нотариусқа ұсынылған құжаттар бойынша анықталады. Егер нотариусқа берілген құжаттарды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген жағдайда БНЦЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында, АХАЖ ЦЖ мәліметтер тексеріледі.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқанда, тоқтата тұрғанда, кейінге қалдырғанда, бас тарту, тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады (бұдан әрі - қаулы).
Қаулыда мыналар көрсетіледі:
1) қаулы шығарған күні;
2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) нотариаттық іс-әрекет жасауға келген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), оның тұрғылықты жері (немесе заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері), өтініш жасаған күні;
4) қаулы шығарған нотариаттық іс-әрекеттің атауы;
5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдырудың себептері (заңнамаға сілтемесімен);
6) бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдыруды шағымданудың тәртібі мен мерзімдері.
Қаулы екі данада ресімделеді, нотариустың мөрі басылған қолымен куәландырылады және БНЦЖ-де шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі. Бір данасы нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылған, не тоқтата тұру не кейінге қалдырған тұлғаға беріледі немесе жолданады. Қаулының екінші данасы қаулы тапсырылған адамның қолы қойылған немесе бас тартылған немесе нотариаттық іс-әрекет жасау тоқтатыла тұрған не кейінге қалдырылған адамға пошта арқылы жіберілгені туралы белгісі бар нотариустың істерінде қалдырылады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландырған кезде және мемлекеттік тіркеуге жататын куәліктерді берген кезде нотариус жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінен (бұдан әрі –ЖМБМК ЦЖ) БНЦЖ арқылы тіркеу органы басшысының, оны алмастыратын адамның (белгіленген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алады.
Осы Қағидалардың 52, 54, 140 және 160-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландыруға және мемлекеттік тіркеуге жататын куәліктер беруге ауыртпалықтар болмаған кезде рұқсат етіледі.
ЖМБМК ЦЖ-нен БНЦЖ арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде тіркеу органы растаған нақты жылжымайтын мүлік объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер нотариустың уәжді сұрау салуы бойынша тіркеуші органда беріледі.»;
37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Мүлікті иеліктен айыру туралы шартты тараптар бұзған жағдайда нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты бұзған жағдайда, нотариус БНЦЖ арқылы ЖМБМК ЦЖ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алады.
38. Шартты бұзу туралы келісімді нотариус БНЦЖ электронды тізілімінде тіркейді және құқық белгілейтін құжат оның сақтауында болған жағдайда, мүліктің иесіне қайтарады, келісім данасының көшірмесі, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі шартқа қоса тігіледі.
Шартты бұзған кезде тараптар нотариусқа шарттың барлық даналарын қайтарады, бұл ретте нотариус шарттың барлық даналарында тізілім нөмірін және бұзу туралы келісімді куәландыру күнін көрсете отырып, бұзу туралы жазба, сондай-ақ БНЦЖ электрондық тізілімінде жазба жасайды.»;