Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 149-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте

Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 362 қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 149-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы «___» №____ қаулысымен бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі
1. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілер және техникалық жағынан күрделі емес объектілер салу көзделетін жобалар.
2. Әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салу, сондай-ақ инфрақұрылымды қамтамасыз ету көзделетін жобалар, оның ішінде:
1) сыйымдылығы 3000 оқушыдан аспайтын жалпы білім беретін мектептер мен интернат мекемелерін салу;
2) сыйымдылығы 500 орыннан аспайтын мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;
3) сыйымдылығы 600 орыннан аспайтын кәсіптік лицейлер салу;
4) жұмыс істеп тұрған мектептерге сыйымдылығы 900 оқушыдан аспайтын интернаттар салу;
5) мүмкіндіктері шектеулі (нашар көретін, естімейтін және нашар еститін, сөйлеу қабілеті бұзылған) балалар үшін сыйымдылығы 500 орыннан аспайтын мектеп-интернаттар салу;
6) тәулік бойы жұмыс істейтін мамандандырылған санаторийлік балалар мекемелерін салу;
7) жоғары оқу орындарының жанынан сыйымдылығы 1000 төсек-орыннан аспайтын студенттік жатақханалар салу;
8) жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын және шеберханаларын салу;
9) жетім балаларға арналған мекемелер салу;
10) сыйымдылығы 300 төсек-орыннан аспайтын психоневрологиялық ауруханалар салу;
11) дәрігерлік амбулаториялар салу;
12) медициналық пункттер салу;
13) фельдшерлік-акушерлік пункттер салу;
14) перзентхана бөлімшесі бар сыйымдылығы 180 төсек-орыннан аспайтын көпбейінді ауруханалар салу;
15) сыйымдылығы 300 төсек-орыннан аспайтын көпбейінді ауруханалар және перинаталдық орталықтар салу;
16) сыйымдылығы 200 төсек-орыннан аспайтын көпбейінді балалар ауруханаларын салу;
17) сыйымдылығы 100 төсек-орыннан аспайтын ауылдық ауруханалар салу;
18) сыйымдылығы 60 төсек-орыннан аспайтын перзентханалар салу;
19) бір ауысымда 250 адамнан асырмай қабылдайтын аудандық және ауылдық емханалар салу;
20) бір ауысымда 500 адамнан асырмай қабылдайтын қалалық емханалар салу;
21) сыйымдылығы 100 төсек-орыннан аспайтын және бір ауысымда 150 адамнан асырмай қабылдайтын туберкулезге қарсы диспансерлер салу;
22) дайындау көлемі жылына 20000 литрден аспайтын қан орталықтарын салу;
23) онкологиялық қызмет объектілерін салу және реконструкциялау;
24) бір ауысымда 100 адамнан асырмай қабылдайтын емханалары бар 60 төсек-орынға дейінгі госпитальдар салу;
25) мүгедектігі бар балаларға және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға арналған, жобалық қуаты сыйымдылығы 50 орынға дейінгі оңалту орталығын салу;
26) тұрғын үйлер және жатақханалар, оның ішінде әскери қалашықтардың аумағында салу;
27) сыйымдылығы 400 орыннан аспайтын мәдени мақсаттағы объектілер (кітапханалар, музейлер, мәдениет үйлері, клубтар) салу және реконструкциялау;
28) 1000000 сақтау бірлігіне дейінгі (облыстық музейлер), 100000 сақтау бірлігіне дейінгі (аудандық) сақтау көлемі бар архив мекемелерінің ғимараттарын салу және реконструкциялау;
29) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 3 қабаттан аспайтын көпфункциялы қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқарушылық және мәдени-ағартушылық ғимараттарды (бір мезгілде болатын адам 300-ден аспайтын) салу;
30) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 балл және одан жоғары) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін биіктігі 2 қабаттан аспайтын көпфункциялы қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағартушылық ғимараттар салу;
31) салық органдарының аумақтық бөлімшелерін орналастыру үшін ғимараттарды, салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарын салу;
32) аумақтық қазынашылық бөлімшелерін орналастыру үшін ғимараттар салу;
33) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарға жапсарлас құрылыстар салу;
34) соттар (жалпы, оның ішінде әскери) ғимараттарын салу және реконструкциялау;
35) биіктігі 5 қабаттан аспайтын халыққа қызмет көрсету орталықтарын (бір мезгілде болатын адам 300-ден аспайтын) салу;
36) биіктігі 5 қабаттан аспайтын инфрақұрылым объектілері бар автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын (бір мезгілде болатын адам 300-ден аспайтын) салу;
37) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін сыйымдылығы 300 көрермен орнынан аспайтын залдары бар спорттық ойын-сауық ғимараттары мен жабық құрылыстар салу;
38) республикалық және облыстық маңызы бар аудандарда, қалаларда өткізу қабілеті 320 адамнан аспайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің объектілерін салу;
39) сыйымдылығы 75 адамнан аспайтын күту залдары бар теңіз және өзен вокзалдарын (жүзетін айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда) салу;
40) сыйымдылығы 100 автомобильден аспайтын жеке тұрған бір қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтар салу;
41) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын реконструкциялау және қалпына келтіру;
42) гидромелиоративтік жүйелер объектілерін реконструкциялау және қалпына келтіру;
43) су объектілеріндегі жағалауды бекіту, түбін тереңдету және арнаны түзеу жұмыстары;
44) жобалық қуаты 50 Гкал/сағаттан аспайтын дейінгі, оның ішінде әскери қалашықтар аумағында қазандықтар салу және реконструкциялау;
45) елді мекендердегі көшелер мен жолдарға электр жарығын салу және реконструкциялау;
46) ауылдық елді мекендер мен облыстық және республикалық маңызы бар қаларда жаппай тұрғын үй құрылысы салынып жатқан алаптарда электр желілерін салу және реконструкциялау;
47) шағын аудандарды, жекелеген аудандарды және қалалардың тұрғын алаптарын, сондай-ақ тұрғыны 25000-нан аспайтын елді мекендерді сумен жабдықтаудың, су бұрудың, 220 кВт аспайтын электрмен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың және жылумен жабдықтаудың тарату желілері мен құрылыстарын салу және реконструкциялау;
48) газдандырудың бекітілген өңірлік схемаларында көзделген кентішілік газ құбырларын, (жеткізетін) газ құбырларын, бұрушы газ құбырларын және автоматтандырылған газ тарату станцияларын салу және реконструкциялау;
49) суаратын сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау;
50) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 100 қума метрден аспайтын көпірлер салу;
51) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесіне енгізілген мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін реконструкциялау және қалпына келтіру;
52) су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы, өзеннің құйылатын жерін, арнасын, тармақтарын тазалау, бағалы балық түрлерінің уылдырық шашатын жерлерін қалпына келтіру.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, прокуратура, азаматтық қорғаныс органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың объектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйесінің объектілерін салу көзделетін жобалар.
Көрсетілген жобаларға тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге, сот-медициналық сараптама жүргізуге, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, фитосанитариялық, ветеринариялық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілер де жатады, оның ішінде:
1) желілік, аудандық, саптық бөлімшелерді, қалалық бөлімдер мен департаменттерді орналастыру үшін ғимараттар (кешендер), құрылыстар салу және реконструкциялау;
2) прокуратура органдарының ғимараттарын салу және реконструкциялау;
3) көшеттіктер және ағаш тұқымы шаруашылығының объектілерін салу;
4) мемлекеттік орман күзеті және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары үшін қызметтік кордондар салу;
5) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдардың және табиғат қорғау мекемелерінің бақылау-өткізу пункттерін салу;
6) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдардың және табиғат қорғау мекемелерінің өрт қадағалау мұнараларын салу;
7) табиғат қорғау мекемелерінің өрт-химиялық станциялар салу;
8) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдар мен табиғат қорғау мекемелері үшін өртке қарсы жабдықтарды сақтауға арналған қалқалар салу;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының түзеу мекемелерін күзету жөніндегі әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілер салу;
10) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу;
11) заңсыз көшіп-қонушыларды ұстау орталықтарын салу;
12) кинология орталығын, кинологиялық қызмет орталығын салу;
13) мамандандырылған түзеу мекемелерін салу;
14) әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындарын салу;
15) тергеу изоляторларын салу;
16) мал ауруларының диагностикасы, азық-түлік пен жануарлардан алынатын шикізаттың азықтық қауіпсіздігін анықтау жөніндегі ветеринариялық зертхана салу;
17) мал сою пункттерін, ет өңдейтін кәсіпорындар салу;
18) ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттер салу;
19) ветеринариялық дәрі-дәрмек шығаратын және/немесе сақтау жөніндегі ветеринариялық объектілер салу;
20) ветеринариялық емханалар, дәріханалар және клиникалар салу;
21) биологиялық қалдықтарды жою объектілерін (Беккери шұңқыры) салу;
22) дезинфекциялық тосқауылдары бар ветеринариялық-санитариялық өткізу орындарын салу;
23) жасанды ұрықтандыру пунктін салу;
24) ветеринариялық лазареттер салу;
25) карантин зертханаларын салу;
26) тұқымның сапасын сараптау зертханаларын салу;
27) шығу жолы 2, 4, 6 және 8-ден аспайтын өрт депосын салу;
28) әскери, оның ішінде құтқару орталықтары мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімшелері үшін қалашықтар салу;
29) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі үшін шекара бөлімдерін (бөлімшелерін) салу;
30) комендатуралар салу;
31) бақылау-өткізу пункттерін салу;
32) көпбейінді қоймалар және материалдық-техникалық және жауынгерлік мүлікке, азаматтық қорғаныс мүлкіне, мемлекеттік материалдық резервке арналған қоймалар салу;
33) әскери мекемелер үшін қызметтік-техникалық ғимараттар салу;
34) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің медициналық көмек көрсету пункттерін салу;
35) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметінің авиация техникасына арналған тұрақтар салу;
36) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне арналған тікұшақ алаңдарын салу;
37) 16, 24, 32 бірліктен аспайтын доңғалақты (шынжыр табанды) техникаға арналған сақтау қоймаларын салу;
38) сыйымдылығы 16 және 20 вагонға арналған қоймалар салу;
39) 2 және 4 бекетке арналған техникалық қызмет көрсету және техника жөндеу пункттерін салу;
40) аккумуляторлық зарядтау станциясын салу;
41) бақылау-техника пунктін салу;
42) автомобильге жанармай құю станциясын салу;
43) әскери қалашық аумағында бір ауысымда сыйымдылығы 40 адамнан аспайтын монша-кір жуу комбинатын салу;
44) 250 төсек/орыннан аспайтын госпиталь салу;
45) штаб салу;
46) 600 төсек/орыннан аспайтын казарма салу;
47) оқу корпустарын салу;
48) 150 отыратын орыннан аспайтын асханалар салу;
49) трибунасы бар плацтар салу;
50) кедергілер жолақтарын салу;
51) қарауыл үй-жайларын және қарауыл қалашықтарын салу;
52) әскери қалашықтардың аумағында күніне 240 адамнан асырмай қызмет көрсететін спорттық кешендер салу;
53) әскери қалашықтардың аумағында спорттық алаңдар салу;
54) май таратушы орнымен жанар-жағармай материалдарын құю пункттерін салу;
55) жекелеген радиолокациялық роталар кешендерін салу;
56) авиацияны бағыттау пункттерін салу;
57) авиатехника-пайдалану бөлімінің, оның ішінде құтқару авиациясының ғимараттарын салу;
58) ангарлар, оның ішінде құтқару авиациясының ангарларын салу;
59) автомобиль парктерін салу;
60) әуе-десанттық кешен салу;
61) өрт-техникалық зертханалар салу;
62) медициналық және апаттық, медициналық-психологиялық оңалту орталықтарының ғимараттарын салу;
63) өрт сөндіру және кәсіптік авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының техникаларына арналған қалқалар және гараж бокстерін салу;
64) сел көшкіні, су тасқыны және қар көшкіні жағдайын бақылайтын автоматтандырылған пункттер (бекеттер, станциялар) салу;
65) жер сілкінісін болжаудың бақылау желісін салу;
66) әуе техникасына және тікұшақ алаңына, оның ішінде құтқару авиациясына арналған тұрақтар салу;
67) қорғаныш құрылыстарын (паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын орын) салу;
68) азаматтық қорғаныстың қалалық және қала сыртындағы қосалқы басқару пункттерін салу;
69) қосалқы командалық басқару пункттерін салу;
70) өрт сөндірушілерді, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін жабық спорт манеждерін, оқу-жаттығу орталықтарын, полигондар, кешендер салу;
71) суда құтқару қызметтерінің, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқару станцияларын, айлақтарын, бекеттерін орналастыруға арналған жеке тұрған ғимараттар (кешендер) салу;
72) авиацияға, оның ішінде құтқару авиациясына арналған рульдеу жолдарын салу;
73) тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша аумақтық органдарды, ғылыми орталықтарды, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын, дезинфекциялық және обаға қарсы станцияларды орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстар салу;
74) сот медицинасы орталықтарын және мәйітханалар салу;
75) әскери лазареттер салу;
76) гауптвахталар салу;
77) командалық-диспетчерлік пункт салу;
78) авиациялық, танктік және жаяу әскер жауынгерлік машиналарға арналған оқу-жаттығу орталықтарының ғимараттарын салу;
79) ғимараттар мен құрылыстардың периметрі бойынша қоршаулар салу;
80) экологиялық мониторингтің химиялық зертханаларын салу;
81) гидрометеорологиялық мақсаттағы бақылау желісі объектілерін салу;
82) табиғат қорғау мекемелерінің әкімшілік ғимаратын (офисін) салу және реконструкциялау;
83) табиғат қорғау мекемесінің сапар орталығын салу;
84) сот сараптамасы орталықтарын салу;
85) корабльдер мен катерлердің орналасуына арналған пункт салу;
86) су тарту және су деңгейін төмендету ұңғымаларын бұрғылау және реконструкциялау;
87) далалық оқу орталықтарын салу;
88) кабельдік, радио-релелік, спутниктік және өзге де беру желілерін қоса алғанда, байланыс жүйелерін, желілері мен құрылыстарын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілердің, оның ішінде магистральдық желілердің құрамына кіретін, желілік-кабельдік құрылыстар мен физикалық тізбектерді салу, кеңейту және жаңғырту;
89) Мемлекеттік шекара учаскесінде автомобиль өткізу пункттерін салу;
90) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің радиотехникалық тораптары мен жедел пункттерін орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстар кешендерін салу;
91) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдерінің (бөлімшелерінің) ұзын учаскелерін және басқа да объектілерін күзетудің бейнебақылау жүйелері мен сигнализация кешендерін салу (жабдықтау);
92) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдеріне (бөлімшелеріне) арналған техникалық бақылау бекеттерін салу;
93) бөлімшелер салу;
94) иммундық-биологиялық препараттар шығаратын объектілерді салу және реконструкциялау;
95) қызмет бабында пайдалану үшін;
96) қызмет бабында пайдалану үшін.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелерін, ұшу-қону жолақтарын, қолданыстағы әуеайлақтардың, аэровокзалдар мен аэронавигация объектілерінің кірме автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау көзделетін жобалар, оның ішінде:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелерін реконструкциялау;
2) қолданыстағы әуеайлақтар мен әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау;
3) жұмыс істеп тұрған әуеайлақтардың, әуежайлардың және аэронавигация объектілерінің кірме автомобиль жолдарын реконструкциялау;
4) тәулігіне өткізу қабілеті 100 жолаушыдан аспайтын теміржол вокзалдарын салу;
5) сыйымдылығы 75 адамнан аспайтын күту залдары бар сапаржайлар салу;
6) өткізу қабілеті сағатына 75 жолаушыдан аспайтын, авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған аэровокзалдар мен әуежай терминалдарын салу;
7) Мемлекеттік шекара учаскесінде автомобиль жолдарын салу;
8) Халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген тарихи-мәдени мұра объектілеріне, мемлекеттік маңызы бар объектілерге, туристік объектілерге кірмежолдар салу;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кірмежолдар салу және реконструкциялау.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығын күшейту көзделетін жобалар.
6. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы объектілерді салу көзделетін жобалар, оның ішінде:
1) диспетчерлік пункттер салу;
2) сел көшкінінен қорғау құрылыстарын салу;
3) таулы жерлерде уақытша тікұшақ алаңдарын салу;
4) сел көшкіні полигондарын салу;
5) қар көшкіні қаупі бар учаскелерде қар көшкінінен қорғау құрылыстарын салу;
6) көшкін учаскелерінде көшкінге қарсы құрылыстар салу;
7) қауіпті табиғат құбылыстары мониторингінің кешенді станцияларын салу және тау өзендері арналарында хабарландыру жүйелерін орнату;
8) сел тасқынының, қар көшкіндерінің, көшкін процестерінің алдын алу мақсатындағы фитомелиоративтік жұмыстар;
9) трансформаторлық қосалқы станциялар салу;
10) байланыс бекеттері мен тораптарын салу;
11) радио-жабдық антенналарына арналған антенна діңгектерін салу;
12) уақытша инженерлік су тасқынынан қорғау құрылыстарын салу;
13) су тасқындарынан қорғау дамбаларын салу және реконструкциялау;
14) өзен арналарының өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік жұмыстар көзделетін объектілерді салу.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша объектілерді салу көзделетін жобалар.
8. Нормативтік құрылыс ұзақтығы 36 (отыз алты) айдан аз өнеркәсіптік, өндірістік және азаматтық мақсаттағы объектілерді, оның ішінде:
1) әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы, тұрғын үй, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, прокуратура, азаматтық қорғаныс органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйелерінің, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты, сот-медициналық сараптаманы, өрт, фитосанитариялық, ветеринариялық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелерінің, ұшу-қону жолақтарының, жұмыс істеп тұрған әуеайлақтардың, аэровокзалдардың және аэронавигация объектілерінің кірме автомобиль жолдарының;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кірмежолдардың;
5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
6) өнеркәсіптік және өндірістік мақсаттағы;
7) коммуналдық шаруашылық;
8) денсаулық сақтау объектілерін салуды (реконструкциялауды) көздейтін жобалар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы «____»________ № _____қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысы.
2. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 879 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 259 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
4.«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 344 қаулысы.
5.«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 шiлдедегi № 434 қаулысы.
6. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 320 қаулысы.
7. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 647 қаулысы.