БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
| Тип документа: |
|
Отправить по почте

«Электрондық геоботаникалық карталарды жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 мамырда № 38698 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық геоботаникалық карталарды жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық геоботаникалық карталарды жасау жөніндегі әдістемеде:
2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) географиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі – ГЦЖ) – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
2) географиялық цифрлық жүйенің дерекқоры (бұдан әрі – ГЦЖ дерекқоры) – нақты бір аумақты және онда орналасқан объектілерді сипаттайтын кеңістіктік және кестелік деректердің ұйымдастырылған жиынтығы;
3) графикалық қабат – географиялық ақпараттық жүйедегі картографиялық ақпарат;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электрондық геоботаникалық карта ГЦЖ-да жасалады.
Электрондық геоботаникалық картаны жасау процесінде ГЦЖ дерекқоры қолданылады.
ГЦЖ дерекқоры ауылдық округтердің шекаралары туралы ақпаратты және табиғи азықтық алқаптар туралы деректерді (өсімдік жамылғысының құрылымы, типологиялық құрамы, алқаптар түрлерінің аумақтық орналасуы, ауданы, түсімділігі, азықтың сапасы, дақылдық-техникалық жай-күйі, табиғи азықтық алқаптарды заманауи қолдану, оларды ұтымды пайдалану және жақсарту) қамтиды.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Алғашқы картографиялық материалдың сканерленген кескіні, таңдалған картографиялық проекцияда және координаттық есептеу жүйесінде растрлық кескінді одан әрі векторлау мақсатында ГЦЖ-да тіркеледі.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Растрлық кескінді байланыстыру координаттар бойынша растрға бақылау нүктелерін салу арқылы ГЦЖ құралдардың көмегімен жүргізіледі.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Геоботаникалық контурларды векторлау процесі ГЦЖ құралдарының көмегімен электрондық геоботаникалық картада бейнеленетін атрибуттық мәліметтерді графикалық қабаттары бар аумақтық нысандардың контурларын, сонымен қатар полигондарды құру болып табылады. Электрондық геоботаникалық картасында көрсетілуі тиіс барлық нысандар электрондық геоботаникалық картасы құрамындағы элементтер бойынша бөлінеді. Элементтердің әрбір тобы жеке аты мен құрылымы бар тиісті графикалық қабатқа енгізіледі. Барлық геоботаникалық контурлар жиектеме шектерінен шықпай, шекара сызығымен дәл келіп түйіседі.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дұрыс емес деректер немесе қателер анықталған жағдайда, ГЦЖ құралдарын пайдалана отырып, түзетулер жүргізіледі.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ГЦЖ дерекқоры деректердің тұтастығын тексеру ережелерін, топологияға қатысатын кеңістіктік объектілердің (геоботаникалық контурларының) топологиялық тәртібін пайдалануға мүмкіндік беретін топологиялық деректер моделін (топология қабаттары) қамтиды және топологиялық, қателер мен ерекшеліктерді көрсететін ережелерді пайдалануға мүмкіндік беретін топологиялық деректер моделін (топология қабаттары) қамтиды.»;
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі