• Мое избранное

Отправить по почте

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 мамырда № 38662 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармақтың тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші абзацтарын, 4 және 7 тармақтарын, Тізбеге 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы С. Жарасбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін
атқарушы 2026 жылғы
30 сәуірдегі № 79
бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 154) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 8-бабының 7-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы Тізбенің 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
3) қызмет түрі;
4) заңды мекенжайы;
5) есепті кезеңнің басындағы ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
6) есепті кезеңнің соңындағы ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
7) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер) саны туралы мәліметтер;
8) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер емес) саны туралы мәліметтер;
9) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер) қатысушылардың саны туралы мәліметтер;
10) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер емес) саны туралы мәліметтер;
11) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңның негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны туралы мәліметтер;
12) есепті кезеңде құмар ойындардың сол қатысушыларының ойын мекемелеріне бару саны туралы мәліметтер (10-нан аз бару, 10-нан астам бару, 50-ден астам бару);
13) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер;
14) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төленген ұтыстардың сомалары туралы мәліметтер;
15) ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардан алған ақша қаражаттарының сомасы туралы мәліметтер;
16) ойын жабдығының атауы және түрі;
17) ойын жабдығының саны;
18) ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;
19) ойын жабдығын өндіруші туралы мәліметтер;
20) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
21) технологиялық тұрғыдан ойын автоматына салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәліметтер;
22) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, тестілеу күні туралы мәліметтер;
23) касса (лар) туралы, оның ішінде кассаның түрі, саны және орналасқан жері туралы мәліметтер (мекен-жайы);
24) мемлекеттік кірістер органдарында салық салу объектілерін/касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер;
25) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;
26) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы, оның ішінде лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдерінің саны туралы мәліметтер;