• Мое избранное

Отправить по почте

"Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 372 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1. "Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
 "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
 көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
 2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігін, 42-тармағын және 43-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бұл ретте төмендегілер 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда деп қолданылады деп белгіленсін:
 Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігі:
"28. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциялары заттай сақталады. Заттай ведомстволық коллекциялармен қатар бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар суреттерінің электрондық массиві құрылуы мүмкін, ол Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша автоматтандырылған ақпараттық баллистикалық жүйелерді (бұдан әрі – ААБЖ) пайдалану арқылы құрылады.";
 Қағидалардың 42-тармағы:
"42. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын жоғалту (ұрлату) фактісі анықталған кезде қаруды іздестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ол қолданылып жасалған қылмыстарды ашу мақсатында сотқа дейінгі немесе қызметтік тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті бөлініске жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін бұған дейін атылған оқтар мен гильзаларды бес жұмыс күні ішінде салып жіберу, электрондық массив құрылған болса, ІІМ КОГҚ массиві бойынша тексеру үшін жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ААБЖ электрондық массивінен экспортталған суреттерін электрондық түрде қоса жіберу жөнінде сұрату жібереді.";
 Қағидалардың 43-тармағының екінші бөлігі:
"ААБЖ пайдаланылатын электрондық массив құрылған болса, жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларының суреттері электрондық түрде қоса беріледі.".
   Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі О. Бектенов
 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 8 мамырдағы
№ 372 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 429 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, қару-жараққа қабылданған ойық жауынгерлік қол атыс қаруынан (бұдан әрі – жауынгерлік қару) бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ ішкі істер органдарының жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті бөліністерінің сақтауындағы қару-жараққа қабылданған жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары, сондай-ақ ішкі істер органдарының уәкілетті бөліністерінде сақтаудағы жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау үшін ату – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті тұлғаларының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру үшін құзыреті бойынша жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан атуы;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық оқ-гильза қоймасы (бұдан әрі – ІІМ КОГҚ) – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қаруды қоспағанда, тергеу әрекеттері барысында алынған қару ізі бар оқтардың, гильзалар мен патрондардың, сондай-ақ ұрланған (жоғалған) немесе алып қойылған, табылған, ерікті түрде тапсырылған ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде ойық ұңғылы атыс қаруына арналған патрондарға әзірленген және (немесе) қайта жасалған тегіс ұңғылы қарудан эксперименттік атылған оқтар мен гильзалардың, ұңғысыз атыс қаруынан, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудан атылған гильзалардың коллекциялары;
3) қару иесі – қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
4) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының құзыреті бойынша уәкілетті бөліністері жүзеге асыратын жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату, бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды есепке алу, сақтау, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) уәкілетті бөлініс – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты қару-жарақ және (немесе) тылдық қамтамасыз ету (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) қызметінің құрылымдық бөлінісі;
6) эксперименттік ату – зерттеу жүргізу үшін алып қойылған, табылған, ерікті түрде тапсырылған ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде ойық атыс қаруына арналған патрондарға әзірленген және (немесе) қайта жасалған тегіс ұңғылы қарудан оқтар мен гильзаларды ату, ұңғысыз атыс қаруынан, газды қарудан, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудан атылған гильзалар.
2-тарау. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының объектілері
4. Жауынгерлік қарудан, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде:
1) негізгі із қалдыратын бөлшектері (оқжатары, ұңғы оқпаны, шүріппесі, шаппасы ауыстырылған немесе механикалық өңделген) жөндеуден өткен жауынгерлік қарудан, сондай-ақ азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруынан;
2) сатқанға дейін өнім беруші кәсіпорындар шетелден әкелген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған;
3) тіркеу және сақтау мен алып жүруге рұқсат ресімдеу алдында Қазақстан Республикасының азаматы шет елден сатып алған;
4) беру немесе сату алдында кәсіпорындар және (немесе) ұйымдар беретін немесе сататын;
5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын ұйымдарда сатып алынатын жаңа ойық ұңғылы атыс қаруын қоспағанда, азаматтық ойық ұңғылы атыс қаруын сақтауға, сақтау мен алып жүруге, жоюға рұқсат алу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тиесілі;
6) ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) сақтау мен алып жүруге рұқсат ресімдеудің алдында ойық ұңғылы марапаттық атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының объектілері болып табылады.
5. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына:
1) калибрі 11,56 мм асатын ойық ұңғылы атыс қаруынан;
2) қарудың оқтары мен гильзаларынан сапалы эксперименттік іздер алу мүмкін болмаған жағдайда із қалдыратын бөлшектері қатты коррозияға ұшыраған атыс қаруынан;
3) ауыспалы ұңғылары немесе тегіс ұңғылардағы ойық қондырмалары бар қаруды қоспағанда, аңшылық тегіс ұңғылы қарудан атылған оқтар мен гильзалар орналастырылмайды.
6. Жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған аумақтық тиесілілік бойынша полиция департаментінің қызметкерлерінен тұратын комиссия қатысады.
Жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған әскери өкілдіктің лауазымды тұлғасы қатысады.
Бақылау үшін ату туралы жазбалар жаңадан дайындалатын, қайта жасалатын, жөнделетін отандық қарудың зауыттық паспорттарына енгізіледі.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарында әскери өкілдіктер болмаған жағдайларда жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған кәсіпорынның өнім сапасын бақылау жөніндегі бөлінісінің (техникалық бақылау бөлімі) қызметкері қатысады.
Қару иесі немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алушы жауынгерлік, азаматтық немесе қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей дайындаушы кәсіпорынға оның жеткізілгені туралы хабарлама жібереді.
Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес дайындаушы кәсіпорындарда буып-түйіледі және қару иесінен азаматтық немесе қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының жеткізілгені туралы хабарлама алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін аумақтық тиесілілігі бойынша полиция департаментіне жіберледі.
Жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес дайындаушы кәсіпорындарда буып-түйіледі және жауынгерлік қарудың жеткізілгені туралы хабарлама алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алушыға жібереді.
7. Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату мақсатында комиссия құрылады, оған қарудың ведомстволық коллекциясының қалыптастырылуына, сақталуы мен есепке алынуына жауапты уәкілетті бөліністің қызметкері қатысады.
8. Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды ІІО бөліністерінде комиссия жүзеге асырады, оның құрамына азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау, жедел-криминалистикалық, қаржымен қамтамасыз ету бөліністерінің және уәкілетті бөліністің қызметкерлері кіреді.
ІІО бөліністерінің қызметкерлері өзі құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады: