• Мое избранное

Отправить по почте

«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38680 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды беру тәртібіне және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру», «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» және «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май-тоң май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес нысан бойынша өтінім берілген күні ресімделеді.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Ветеринариялық сертификат межелі пунктке дейін жарамды және көрсетілетін қызметті алушы ол берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына ветеринариялық сертификат береді.
Ветеринариялық сертификат осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім сақталмаған кезде және/немесе «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 6-тармағына сәйкес қолданылуын тоқтату үшін негіздер бойынша өзінің қолданылуын тоқтатады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат импорттаушы ел талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген) бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілген тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат болған кезде беріледі.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден келетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге соңғы межелі пунктіне дейін экспорттаушы елдің «Кіргізуге рұқсат» деген мөртабан қойылған ветеринариялық сертификаты қолданылады.
Үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге межелі (жеткізу) пунктте экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық сертификатына қайта ресімделе отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті партиясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден межелі орынға келген кезде неғұрлым ұсақ партияларға бөлген жағдайда, жаңа алушылар үшін ветеринариялық сертификаттардың көшірмелері ресімделеді, оларға (парақтың сыртқы бетінде) мынадай деректер енгізіледі: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің және жаңа көлік құралының Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі, көлік құралының нөмірі, оған тиеп-артылған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алушының атауы және орналасқан орны, қайта тиеу күні. Мәліметтер мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылады. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы партияларды бөлуді жүргізген ұйымда сақталады.»;
24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) объектінің Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға, Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 27 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешіммен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын алудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің талаптарына және «Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген), «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген), «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектінің осы Қағидалардың 24-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ЭЦҚ-сы қойылған ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту, ветеринариялық-санитариялық қорытындының дайын екендігі туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде дайындалған ветеринариялық-санитариялық қорытындыны аумақтық бөлімшенің кеңсесіне береді.
Аумақтық бөлімшенің кеңсесі ветеринариялық-санитариялық қорытындыны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат негізінде балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған бес килограмнан асатын балық және басқа да су жануарларының орны ауыстырылған (тасымалданған) кезде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 18) тармақшасына сәйкес нысан бойынша қайдан ауланғаны туралы анықтама (бұдан әрі – қайдан ауланғаны туралы анықтама) қажет.
Аквашаруашылық субъектілері өсірген балық және басқа да су жануарларының орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 296 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36882 болып тіркелген) бекітілген Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес берілген аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарламасының көшірмесі (бұдан әрі – аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарламасының көшірмесі), сондай-ақ ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі қажет.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстыру кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі немесе ББАЖ АЖ-да ресімделген ветеринариялық құжат қажет.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Ветеринариялық анықтама осы Қағидаларға 13-қосымшаның тиісті 1, 2, 2-1, 3-нысаны бойынша беріледі және көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні ресімделеді.
Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасының аумағында жарамды болады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген жануарлардан алынатын өнімге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес 2-нысандағы ветеринариялық анықтама беріледі; ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес 2-1-нысандағы ветеринариялық анықтама беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
«35-1. Жеке немесе заңды тұлғаға цифрлық құжаттар сервисі арқылы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) ұсынылатын ветеринариялық анықтама қағаз жеткізгіште берілетін ветеринариялық анықтамаға тең.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. ББАЖ АЖ-ға:
1) берілген ветеринариялық анықтамалар берілген күннен бастап бір тәуліктен аспайтын мерзім ішінде (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) олар туралы;
2) ветеринариялық анықтама берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің межелі пунктке келуі туралы мәліметтер енгізіледі.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің межелі пунктке ББАЖ АЖ-ға келуі туралы мәліметтерді мынадай тұлғалар енгізеді:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануар (жануарлар) осы объектіге келген кезде жануарларды өткізуді жүзеге асыратын сауда нарығының ветеринариялық дәрігері;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануар (жануарлар) осы объектіге келген кезде сою пунктінің, сою алаңының (жануарлар сойылатын алаңның) ветеринариялық дәрігері;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне келген кезде жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің маманы;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға келген кезде ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің маманы;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлардан алынатын өнім мен шикізат осы объектіге келген кезде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын сауда нарығына бекітілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлардан алынатын өнім мен шикізат осы объектіге келген кезде сауда объектісінде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қабылдауға бекітілген, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын адам немесе оның иесі ;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарлардан алынатын өнім мен шикізат осы объектіге келген кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қабылдауға бекітілген адам немесе оның иесі;