БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
| Тип документа: |
|
Отправить по почте

«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 мамырда № 38703 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоғары сұранысқа ие (тапсырыс берілген) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) – жеке және заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған:
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 цирфлық белгілері;
автокөлікке бірдей әріптік белгілері бар 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 цифрлық белгі;
автокөлікке бірдей әріптік белгілері бар (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда);
автокөлікке кез келген қалаған цифрлық және (немесе) әріптік белгідегі (цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және (немесе) бірдей әріптік белгілерімен);»;
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай цифрлық жүйесі (бұдан әрі – БЦЖ) – «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ тіркеу әрекетінде жасалған көлік құралын міндетті тіркеу деректері бойынша көлік құралдары және олардың иелері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін, уәкілетті органның мемлекеттік цифрлық жүйесі.»;
3-тармақтың 10) тармақшасы мындай редакцияда жазылсын:
«10) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – БЦЖ-да көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық символдар түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көлік құралдарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде барлық қажетті деректер БЦЖ-ға енгізіледі. Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден келген көлік құралдарын тіркеген кезде КҚТК-ның ерекше белгілерінде жазба көрсетіледі: Ресей Федерациясынан - РФ КҚ, Армения Республикасынан - АР КҚ, Беларусь Республикасынан - БР КҚ, Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасы КҚ.
Басқару органдары сол жақта орналасқан, Қазақстан Республикасының азаматтарына Армения Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу кезінде КҚТК-ның ерекше белгілерінде «Өзге адамға тіркеуге жатпайды» деп көрсетіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің немесе олардың өкілдерінің жеке басы жеке тұлғаның биометриялық деректерін мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған ақпаратпен салыстыру арқылы, жеке басын куәландыратын құжат негізінде сәйкестендіріледі, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЦҮП) арқылы немесе ЦҮП мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көрсетілетін цифрлық объектілері (бұдан әрі – цифрлық объектілері) арқылы тіркеу әрекеттерін жасау кезінде.
ЦҮП құралдары немесе цифрлық объектілері арқылы тіркеу әрекеттерін жасау кезінде көлік құралдары иелерінің жеке басын сәйкестендіру үшін биометриялық аутентификация немесе ЭЦҚ қолданылады.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген көлік құралын тіркеу алымын және КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар.
Бастапқы тіркеу үшін алымдар төлеуден Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға тең келетін өкілдіктері, шет мемлекеттік консулдық мекемелері, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері босатылады;»;
16-тармақтың 4) және 4-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторының (ұлттық әкімшісі) цифрлық жүйесі арқылы жеке тұлғаның көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);
4-1) электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторының (ұлттық әкімшісі) цифрлық жүйесі арқылы заңды тұлғаның көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);»;
16-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ЦҮП немесе цифрлық объектілері арқылы тіркеу әрекеттерін жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының нотариусымен не бұрынғы және жаңа иесінің ЭЦҚ-мен куәландырылған көлiк құралына меншiк құқығын растайтын құжатты нетыйым салынған мүлікті сату нәтижелері бойынша жасалған сатып алу-сату шарттары немесе сот орындаушысының жылжымалы мүлікті өндіріп беріп, өндіріп алушыға сатусыз заттай беру туралы қаулысы;»;
16-2-тармақттың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Салық кодексінде көзделген көлік құралын тіркеу алымын және КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;».
16-4-тармақттың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Салық кодексінде көзделген көлік құралын тіркеу алымын және КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;».
19- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарына енгізілген ауыртпалықтар, сондай-ақ кері әкету туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына уақытша әкелiнген көлiк құралдарын шетелге әкету мерзiмi БЦЖ-ға енгізіледі.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді өзгерту тиісті тыйымдар мен шектеулерді енгiзген органдар берген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.
21 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ есептен шығаруды жүргізер алдында көлік құралын, иесін және иесінің өкілін олардың іздестіруде болуы мәніне ІІО цифрлық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады. Жүргізілген тексеру нәтижесі БЦЖ-да сақталады.»;
22-2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22-2. Көлік құралын қарап тексеруді ІІО уәкілетті қызметкері көлік құралының тіркелген жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қарап тексеру пунктінде жүргізеді.
Көлік құралын қарап тексеру кезде оны сәйкестендіру жүзеге асырылады, нөмірлік агрегаттары, олардың таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкестігі тексеріледі, олардың түпнұсқалығы анықталады, сондай-ақ көлік құралын және оның сәйкестендіру нөмірін фотоға түсіру (жалпы көрініс) жүзеге асырылады.
Көлік құралын қарап тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес электрондық қарап тексеру актісі түрінде ресімделеді, ол көлік құралының электрондық фотосуреттерімен, оның сәйкестендіру нөмірімен бірге БЦЖ-ға енгізіледі және ЭСҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, қарап тексеру жүргізген ІІО уәкілетті қызметкері бекітеді.
Көлік құралын қарап тексеру актісінің қолданылу мерзімі оны ресімдеген күннен бастап күнтізбелік 14 күнді құрайды.
Көлік құралын тіркеуге және тіркеу деректерін өзгертуге:
көлік құралын өндіруші басып салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбаларын жою салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін еместігі;