Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте

Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 мамырда № 38739 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
5. Қағидалардың 38-тармағы 2028 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«38. Құпиялық белгiсi бар немесе «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгiсi бар құрылыс жобаларын қарау кезiнде ЖСҚ-ның қағаз түрiндегi түпкiлiктi нұсқасы тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), лауазымы, сертификаттың нөмiрi және берiлген күнi көрсетiлген сарапшылардың мөрiмен куәландырылады және құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешендi сараптамасы аяқталғаннан кейiн бақылау архивтiк данасы ретiнде Тапсырыс берушiге қайтарылады.».
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 Бұйрыққа 1 қосымша
Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар:
жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;
аяқталмаған құрылыс немесе өз бетінше салу объектілері бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді;
ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын әзірлеу мен бекіту тәртібін;
сарапшылардың қолдауы тәртібінде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді айқындайды.
3. Қағидалар Кодекстің 103-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қолданылады.
4. Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс объектілері, сондай-ақ ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өтуге жатпайды.
5. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бір бөлімі (бөлігі) болып табылатын жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жобалау саласындағы сарапшылар жүзеге асырады.
6. Жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және ЖСҚ бекіткеннен кейін аяқталды деп есептеледі.
Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ одан өтпеген және оны бекітуге ұсынымы бар құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алмаған құрылыс жобалары одан әрі іске асырылуға жатпайды.
2-тарау. Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі
Параграф 1. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге құрылыс жобаларын ұсыну және қабылдау
7. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарының талаптарына, жобалау тапсырмасына сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалау шешімдері мен есептеулерінде қала құрылысы және техникалық регламенттерінің ережелерін, мемлекеттік нормалар мен ережелердің және мемлекетаралық нормативтік құжаттар талаптарын сақтау, оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру ережелерін сақтау бойынша, қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген және оларды алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша және (немесе) энергетикалық ресурстарды жобалық тұтыну шартты отынның жылына бес жүз тоннасының баламалы көрсеткішінен асатын объектілер үшін әзірленген бірегей объектілер бойынша жылу қорғау бөлігінде құрылыс жобаларының сапасына талдау және бағалау жүргізуден тұрады.
Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік сараптама ұйымы мен сараптама ұйымдары келесілерді анықтамайды:
Тапсырыс беруші ұсынған жобалау ұйымы және құрылыс жобасын әзірлеуге тартылған өзге де жеке немесе заңды тұлғалар туралы ақпараттың дұрыстығы;
жобалау ұйымдары арасында құрылыс жобасын әзірлеуге немесе түзетуге құқықтарды берудің заңдылығы.
8. Құрылыс жобаларын ұсынуды және қабылдауды оның бастапқы материалдары және құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге рұқсат беру құжаттарымен бірге Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құрылыс жобаларын қоспағанда, «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеуді және сараптауды ұйымдастыру үшін портал (бұдан әрі-Портал) арқылы жолдайды.
9. Құпиялылық таңбасы немесе «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы келесі мынадай тәртіппен ұсынады:
1) өтінімді қағаз жеткізгіште ұсыну;
2) құрылыс жобасын оның бастапқы материалдары және рұқсат беру құжаттарымен бірге-электрондық жеткізгіште ұсыну.
10. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілуге жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылмайтын құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген сараптама ұйымын таңдайды.
11. Құрылыс жобасының, сондай-ақ құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына ұсынылатын бастапқы материалдардың және (немесе) рұқсат беру құжаттарының жиынтықтылығы мен құрамы келесілерге сәйкес айқындалады:
1) жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу жобалары үшін - осы Қағидалар 1-қосымшасына сәйкес;
2) қолданыстағы ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру жобалары үшін-осы Қағидалар 2-қосымшасына сәйкес;
3) қолданыстағы ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын күрделі жөндеу жобалары үшін-осы Қағидалар 3-қосымшасына сәйкес;
4) жобалық шешімдерді өзгертпестен бұрын бекітілген сметалық құжаттаманың құнын арттыруды көздейтін жобалар үшін-осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес;
5) бұрын бекітілген жобалық шешімдерді өзгертуді көздейтін жобалар үшін-осы Қағидалар 5-қосымшасына сәйкес;
6) аяқталмаған құрылыс объектілері немесе өз бетінше салынған құрылыстар бойынша жобалар үшін - осы Қағидалар 6-қосымшасына сәйкес.
12. Кодекстің 104-бабының 2) тармақшасында көзделген құрылыс жобалары бойынша ұсынылған құрылыс жобасының, сондай-ақ бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарының жиынтығы мен құрамын мемлекеттік сараптама ұйымы өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігін тексереді.
Кодекстің 109-бабының 1-тармағында көзделген құрылыс жобалары бойынша ұсынылған құрылыс жобасының, сондай-ақ бастапқы материалдардың және (немесе) рұқсат беру құжаттарының жиынтығы мен құрамын Порталмен интеграцияланған мемлекеттік емес цифрлық жүйенің операторы өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігін тексереді.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген көрсетілген мерзім өткеннен кейін құрылыс жобасының жиынтықталмауы немесе оның құрамы бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тапсырыс берушіге құрылыс жобасын ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қабылдаудан бас тарту және жетіспейтін бастапқы материалдарды және рұқсат беру құжаттарын және (немесе) жобалық шешімдерді көрсете отырып, оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.
Құрылыс жобасының қажетті жиынтықтылығы мен құрамы расталған жағдайда Тапсырыс берушімен құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге шарт жасасу рәсімдері жүзеге асырылады.
14. Кодекстің 104 және 109-баптарында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымы, сараптама ұйымдары жүргізетін құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қарастырылып отырған құрылыс жобасын әзірлеу құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |