БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 мамырда № 38841 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жирма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жирма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырықыншы абзацтарын, 2-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші абзацтарын, 3-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші абзацтарын, 4-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін:
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының 2-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін;
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларының 2-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін;
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32887 болып тіркелген) бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларының 2-қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін;
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32977 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 2-қосымшасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы № 222 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Осы Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.»;
«5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – азаматтық жай-күйді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
6) «Көші-қон полициясы» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Көші-қон полициясы» ЦЖ) – шетелдіктерді, босқындарды және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу, тіркеу қызметін автоматтандыруға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің цифрлық жүйесі;»;
«10) «Қандас» автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Қандас» АЦЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесі құрамындағы жүйе;»;
«13) «migration.enbek.kz» порталы – көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер ұсынудың мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі;»;
«15) өтініш беруші – қандас мәртебесін алуға және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге үміткер этникалық қазақтар қатарындағы жеке тұлға және оның отбасы мүшелері (ол болған жағдайда) не Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алуға үміткер қандастар, қандастардың жесірлері және ортақ балалары;»;
«17-1) «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;»
«3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «migration.enbek.kz» порталы арқылы, цифрлық объектілер арқылы: мобильді қосымшасы, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі, Мемлекеттік корпорация не www.egov.kz « цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.
4. «Migration.enbek.kz» порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін «Қандас» АЦЖ-ға түседі.»;
«5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері «Қандас» АЦЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, «Қандас» АЦЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.»;
«2) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық жүйесі арқылы сұрау салулар жібереді.»;
«1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және «Қандас» АЦЖ арқылы қабылданған шешімді өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне не Мемлекеттік корпорацияға жібереді;»;
10-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің деректерін (бар болса) «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры арқылы оның (олардың) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы тұрғысынан тексереді және ЖТ МДҚ-да ЖСН болмаған кезде «Қандас» АЦЖ арқылы «Көші-қон полициясы» ЦЖ-ға ЖСН генерациялау үшін электрондық сұрау салуды жібереді. ЖСН бар екені анықталған кезде жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды және қолда бар ЖСН пайдаланылады;
«Қандас» АЦЖ арқылы өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім жібереді, ол өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстандыру өңіріне келген күні күшіне енеді, оған қоса беріледі:»;
«қандас мәртебесі туралы шешімнің күшіне енгені туралы «Қандас» АЦЖ-да белгісі бар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандас куәлігін береді.»;

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |