• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Президенті туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 01.07.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Президенті туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2026 жылғы 5 маусымдағы № 296-VIII ҚРЗ

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық жағдайын айқындайды.
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІ
1-бап. Қазақстан Республикасының Президенті
1. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Қазақстан Республикасының Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымастығының, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін, билік органдарының біртұтас Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан халқы мен мемлекет атынан өкілдік ету құқығы тиесілі.
5. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу заңмен қудаланады.
2-бап. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізіледі.
3-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі
1. Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Қазақстан Республикасының Президенті антты мемлекеттік тілде береді.
2. Ант беру рәсімі сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде ант береді.
3. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Конституциялық Соты судьяларының, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің, сондай-ақ қоғам өкілдері мен шақырылған шетел азаматтарының қатысуымен өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ант береді. Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін, төсбелгісін, байрағын және «Алтын Қыран» орденін тапсырады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті жеті жыл мерзімге сайланады.
2. Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі тоқтатылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін атқаруға байланысты шектеулер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті ант берген күннен бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға міндетті.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші лауазымында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы лауазымында болуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мемлекеттік қызметші лауазымындағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы лауазымындағы жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген күннен бастап бір ай ішінде өз орнынан түсуге не атқаратын лауазымын босатуға міндетті.
Осы тармақтағы мағынада Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары – оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары.
6-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің ерекшелік белгілері
1. Қазақстан Республикасы Президентінің ерекшелік белгілері – Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі мен байрағы.
2. Төсбелгінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. Байрақтың сипаттамасын, төсбелгі мен байрақты ресми пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына орай «Алтын Қыран» орденінің иегері болады.
4. «Алтын Қыран» орденінің сипаттамасы, оны беру негізі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясаттағы өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
2) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды;
3) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізуге және халықаралық шарттарға қол қоюға өкілеттіктер береді;
4) ратификациялық грамоталарға қол қояды;
5) шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері басшыларының, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасы жасасқан, ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;
7) ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жоюды қоспағанда, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайының Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында соғыс жағдайын енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды;
4) бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы ұсынысты Құрылтайдың қарауына енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы шешім қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындайды; оны лауазымынан босатады;
7) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін құрады;