• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 04.08.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 3 маусымдағы № 295-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағының 41) тармақшасы «демалыс кестелері» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты басқа да қатынастарды реттейтін өзге де актілер» деген сөздермен толықтырылсын;
тақырыптағы және бірінші абзацтағы «қағидаттары» деген сөз «негізгі қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «реттеу болып табылады.» деген сөздер «реттеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жұмыскердің еңбек саласында өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелу және қорғалу құқығын қамтамасыз ету.»;
3) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өңірлік деңгейінде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
7-2) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
7-3) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;»;
4) 22-баптың 1-тармағы 26) тармақшасындағы «жасасуға құқығы бар.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) жеке өміріне қол сұғылмауына, еңбек саласында өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне және қорғалуына құқығы бар.»;
1-тармағының 5) тармақшасы осы Заңның 2-бабына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 
5) 23-баптың 2-тармағының 26-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1) жұмыскерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге және оны скринингтік зерттеулерден өтуге жіберу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді;»;
тақырыптағы «кезі» деген сөз «кезіндегі құқықтар мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлары бар адамның талап етуі бойынша жұмыс беруші еңбек шартын жасасудан бас тарту себебін жазбаша түрде хабарлауға міндетті.»;
1-тармақтың 2) тармақшасында:
үшінші бөліктегі «Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы» деген сөздер «Еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңін немесе оның әлеуметтік демалыста болу кезеңін қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер соңғы жұмыс күні (ауысым) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңімен немесе оның әлеуметтік демалыста болу кезеңімен тұспа-тұс келсе, жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі немесе оның әлеуметтік демалыста болу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күн соңғы жұмыс күні (ауысым) болып есептеледі.»;
алтыншы бөліктегі «төртінші және бесінші» деген сөздер «бесінші және алтыншы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы, оның еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңін немесе әлеуметтік демалыста болу кезеңін қоспағанда, еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, еңбек шарты құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иелерінің немесе олар уәкілеттік берген тұлғалардың (органның) не заңды тұлғаның уәкілетті органының жаңа басшыны не сол адамның өзін сайлау (тағайындау, лауазымға бекіту) туралы шешімінде ұзартудың өзге мерзімі белгіленбесе, көрсетілген шешім қабылданғанға дейінгі мерзімге ұзартылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер соңғы жұмыс күні заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңімен немесе оның әлеуметтік демалыста болу кезеңімен тұспа-тұс келсе, басшының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі немесе оның әлеуметтік демалыста болу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күн соңғы жұмыс күні болып есептеледі.»;
5-тармақтағы «төртінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 43-баптың 1-тармағындағы «еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актісінде жазылған шарттармен оны» деген сөздер «оны, егер келісімдерде, ұжымдық шартта жұмыскердің жағдайын жақсартатын өзге талаптар көзделмесе,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 46-баптың 2-тармағы «кешіктірмей» деген сөзден кейiн «жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 51-баптың 2-тармағы «жұмыскерді алмастыру» деген сөздерден кейін «, маусымдық жұмысты орындау» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 56-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы бапта көрсетілген хабардар ету мерзімі өткен соң, материалдық жауапты адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталмаған жағдайлардан басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші жұмыскерге еңбек қызметіне байланысты құжаттарды, сондай-ақ жұмыскерге тиесілі ақшалай төлемдерді осы Кодексте көзделген тәртіппен беруге міндетті.
Жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталған күн материалдық жауапты адамдармен еңбек шартын бұзған күн болып табылады.
Жұмыс беруші хабардар ету мерзімі ішінде материалдық жауапты адамдармен мүлікті (құжаттаманы) қабылдауды-беруді жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.»;
12) 57-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «, сондай-ақ пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған не босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған жағдайда не босқын мәртебесінен айырған немесе ол тоқтатылған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 65-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жұмыс беруші жасалған тәртіптік теріс қылықтың мәнін, сипаты мен ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, жұмыскердің өкіну дәрежесін ескереді.»;
14) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«125-бап. Медициналық қарап-тексеруге жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер
Медициналық қарап-тексеруден Қазақстан Республикасының заңнамасына, келісімге, ұжымдық шартқа сәйкес өтуге міндетті жұмыскерлердің олардан өту уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан Қазақстан Республикасының заңнамасына, келісімге, ұжымдық шартқа сәйкес өтуге міндетті жұмыскердің одан өтуге жұмсаған уақыты ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалған мөлшерде орташа күндік (сағаттық) жалақы есепке алынып төленеді.»;
15) 154-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдердің іске асырылуы жөніндегі есепті тыңдайды.»;
16) 159-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «коммерциялық емес ұйымның» деген сөздерден кейін «, шетелдік заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігінің» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 165-баптың 4-тармағы «органдармен» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 182-баптың 2-тармағы 18) тармақшасындағы «жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) пайдаланудағы барлық негізгі қорларды еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың қолданыстағы нормалары мен қағидаларына сәйкес келтіруге міндетті.
Пайдаланудағы негізгі қорлар деп ғимараттарды (құрылысжайларды), машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де еңбек құралдарын қоса алғанда, өндірістік қызмет процесінде тікелей қолданылатын объектілер түсініледі.»;
6) тармақшаның бірінші және екінші бөліктеріндегі «талап арыз» деген сөздер «талап қою» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы«талап арыздарды» деген сөздер «талап қоюларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 194-бап 9) тармақшасындағы «жүргізуге міндетті.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібіне сәйкес еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік саласында қажетті даярлығы болуға және өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға міндетті.»;
21) 195-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «талап арыз» деген сөздер «талап қою» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 203-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
23) 22-тарау мынадай мазмұндағы 203-1-баппен толықтырылсын:
«203-1-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор
1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі.
2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың:
1) жұмыс берушілерден және ұйымның өзге де лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне баруға;
3) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін тексерулерге қатысуға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге және жұмыскерлермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
5) ұйымның ішкі актілеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6) осы Кодексте, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы үлгілік ережеде, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыруының тәртібі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы үлгілік ережеде, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімінде айқындалады.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың еңбегіне ақы төлеу тәртібі ұжымдық шартта айқындалуы мүмкін.».
2-тармақ осы Заңның 2-бабына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі  
2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
87-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмыскердің бекітілген жері бойынша медициналық ұйым цифрлық технологиялар арқылы:
1) жұмыскерді скринингтік зерттеулерден өту қажеттігі туралы хабардар етеді;
2) жұмыс берушіге скринингтік зерттеулерге жататын жұмыскерлер бойынша мәліметтер жібереді.».
3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) өз құзыреті шегінде еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) өз құзыреті шегінде еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;».
2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ