БҰЙЫРАМЫН :
-
Продукты:
Консультации










Отправить по почте

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 маусымда № 38896 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1- тармақтың төртінші және бесінші абзацтарын, 2- тармақтың оныншы, он бірінші,он екінші, он үшінші, он төртінші,он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші,он тоғызыншы абзацтарын, 3- тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтарын, тізбенің 4 және 5- тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С. Жумангарин
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 2 маусымдағы № 64 Бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбе
1. «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесінде:
«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін» деген 1-бөлімде:
4) реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
4) |
меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы |
құқық белгiлейтiн құжаттар, оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын көшірме |
меншiк құқығында ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты лицензиар «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер қорының цифрлық жүйесі арқылы алады |
»;
6) реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
6) |
электр энергиясын, оның ішінде коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде қызметін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушылардың болуы |
электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері: 1) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі; 2) тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі |
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді |
».
2. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынудың үлгілік шартта:
11- тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«Тұтынушының өндірістік ағынды суларын Өнім берушінің су бұру жүйелеріне қабылдау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 37153 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.»;
18- тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«18. Тұтынушының суды есепке алу аспабының техникалық және метрологиялық сипаттамалары су тұтынудың нақты көлеміне сәйкес келуі тиіс.
Өнім беруші Қазақстан Республикасы Өндірістік және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есептеу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 36616 болып тіркелген) сәйкес есепке алу құралдарын пайдалануға жіберуді жүзеге асырады.».
27- тармақтың 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 37153 болып тіркелген) көзделген жағдайларда ағынды суларды оқшау тазартуды қамтамасыз ету.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:
8- тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«4) мұнайға арналған толық кедендік декларацияның көшірмесін олар ресімделген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынуға міндетті.
Салық органдарының цифрлық жүйелерінде мұнайды іс жүзінде әкету туралы кеден органдарының хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі мұнайға толық кедендік декларация мұнай экспортын растайтын құжат болып табылады. Мұнайға арналған кедендік декларация электрондық құжат түрінде болған кезде мұнайға арналған толық кедендік декларацияны ұсыну талап етілмейді. Бұл ретте, Тұтынушы Өнім берушіні осы тармақшада көрсетілген мерзімде салық органдарының цифрлық жүйелерінде мұнайды іс жүзінде әкету туралы кеден органдарының хабарламасының болуы туралы хабардар етеді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темiржол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге арналған үлгiлік шартта:
«17. Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсету үшін түпкілікті есеп айырысу магистральдық теміржол желісінің қызметтері көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей магистральдық теміржол желісінің көрсетілген қызметтерінің нақты көлемі үшін жасалған екіжақты актінің, сондай-ақ оператор ұсынған «Электрондық шот-фактуралар» цифрлық жүйесі арқылы Оператор жазып берген электрондық шот-фактураның негізінде жүргізіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:
5- тармақтың 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«6) нарықтар субъектілерінің цифрлық жүйелерінің меншікті интеграциясын құруды қамтиды.»;
3. «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20843 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«2) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi цифрлық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
7) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі – мемлекеттік, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған цифрлық жүйе»;
10) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«10) «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект.»;
4- тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алу немесе қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді www.egov.kz (бұдан әрі – портал) және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |