• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 11.08.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 10 маусымдағы № 302-VIIІ

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы «дайындау,» деген сөзден кейін «басып шығару,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 504-бап мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«7. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
3) 804-баптың бірінші бөлігінің 46) тармақшасындағы «436,» деген цифрлар «436, 462 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-баптың 4) тармақшасы осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 889-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.».
2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ