1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 10 маусымдағы № 301-VIIІ ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
206-баптың бірінші бөлігіндегі «Мекеме» деген сөз «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеме» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 135-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда жұмыстан шығарылған немесе оқудан шығарып жіберілген адамдардан әскери, арнаулы оқу орындарында не халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы;»;
2) 183-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 243-баптың 8) тармақшасындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 302-баптың бірінші бөлігінің 16) тармақшасындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 47-тараудың тақырыбындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 376-баптағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 377-баптың екінші абзацындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 378-бапта:
«әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкелуге, шығаруға, дайындауға» деген сөздер «әкелуге, онда тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
212-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты қызметтен шығарылған;».
4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі «күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және» деген сөздер «мәртебесін, өкілеттігін және күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
3) тармақшадағы «заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды уақтылы қабылдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«түрінде» деген сөзден кейін «және (немесе) көлік құралдарында» деген сөздермен толықтырылсын;
«автомобиль және басқа» деген сөздер «көліктің және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «көлiгi мен» деген сөздер «көлігін және (немесе) көлік құралдарын, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың бірінші бөлігінде:
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шаралары өткізілетін аймаққа кіру (көлікпен кіру) кезінде, сондай-ақ олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, оны (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеруді, оның өзімен алып жүрген заттарын, көлікті және (немесе) көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды жете тексеруді, оның ішінде техникалық құралдарды және (немесе) қызметтік жануарларды қолданып жете тексеруді жүргізу. Тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы айқындайтын заттар мен заттектерді күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шаралары өткізілетін аймаққа алып өтуге тыйым салу;»;
«3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үй-жайларын, сондай-ақ жеке тұлғалардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлігін және (немесе) көлік құралдарын, байланысын және өзге мүлкін шарт негізінде пайдалану;
4) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;»;
7) тармақшада:
«арнайы даярлықтан өткен қызметкерлеріне» деген сөздер «арнаулы даярлықтан өткен қызметкерлеріне және (немесе) әскери қызметшілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«табель қаруы мен арнаулы құралдар» деген сөздер «қаруды және арнаулы құралдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) әскери, арнаулы оқу орындарында, оқу орталықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды шарт негізінде жүзеге асыру;»;
9-1) тармақшадағы «қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру» деген сөздер «қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлiк және өзге де техниканы қолдануы
10-бап. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлiк және өзге де техниканы қолдану шарттары мен шегі
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық жағдайда дене күшін, қызметтік жануарларды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға, сондай-ақ арнаулы құралдарды, қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға құқығы бар.
2. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі арнаулы құралдары немесе қаруы болмаған кезде қолда бар кез келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қару мен техниканы қолдануға құқылы.
3. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің терроризмге қарсы операцияға қатысатын қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері террористерге қатысты дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы ескертпестен және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шектеулерсіз қолдануға құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға байланысты жағдайларда әрекеттер жасауға жарамдылығы тұрғысынан арнаулы даярлықтан өтуге, кезең-кезеңмен тексеруден өтiп тұруға міндетті.
5. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолданған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері айналасындағы жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінiң және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы өкiлеттiгiн асыра пайдаланып қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келеді.
7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі, егер қорғау күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң және (немесе) әскери қызметшісінің өзіне төнген қатердің сипаты мен қауіптілігiне сәйкес келсе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлiк және өзге де техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал және дене зақымы үшiн жауап бермейдi.
8. Арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, күзет іс-шараларын өткізуге тартылған кезде осындай қызметкерлерге және (немесе) әскери қызметшілерге осы тараудың ережелері қолданылады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |