• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 01.07.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) бүкіл мәтін бойынша «заң құжаттарында», «Заң құжаттарында», «заңнамалық актілерде», «заң құжаттарына», «заңнамалық актiлерге», «Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында», «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде», «заң құжаттарымен шектеу», «заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актiлерiнде», «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне», «заң құжаттары», «Заң актілерінде», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгіленеді», «заңнамалық актілер», «Қазақстан Республикасының заң актілерiнде», «Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде», «Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне», «Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде», «осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актiлерiне», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді», «Қазақстан Республикасының заң актiлерiне», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен акционерлік», «заң актiлерiмен белгіленеді», «осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актілерімен айқындалады», «заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде», «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде», «Қазақстан Республикасының заң құжаттарына», «заң құжаттарынан», «Заңнамалық актілермен», «заңнамалық актілердің», «Заңнамалық актілерде», «заң құжатында», «Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен», «заң құжаттарымен», «Заң құжаттарына», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде», «Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң актiсiмен», «заң актілерімен», «осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен», «заң құжаттарын», «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде», «Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен», «Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде», «заң құжаттарының», «заңнамалық актілермен», «заң құжаттарымен жүктелуi», «Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде», «заң құжатының», «заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады», «Борышқор заң актілері», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамалық актісінде», «заң құжатынан», «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде» деген сөздер тиісінше «заңдарда», «Заңдарда», «заңдарда», «заңдарға», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының заңдарында», «заңдармен шектеу», «өзге де заңдарда», «заңдарда белгіленеді», «заңдарда», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдар», «Заңдарда», «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді», «заңдар», «Қазақстан Республикасының заңдарында», «Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңында», «Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңына», «Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында», «осы Кодексте және заңдарда белгіленеді», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады», «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған», «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік», «заңдарда белгіленеді», «осы Кодексте және өзге де заңдарда белгіленеді», «заңдарда айқындалады», «заңдар мен құрылтай құжаттарында өзге мәселелердi шешу де жатқызылуы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңында», «Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдардан», «Заңдармен», «заңдардың», «Заңдарда», «заңда», «Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «заңдарда», «Заңдарға», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңына», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңында», «заңдарда», «осы Кодексте, басқа да заңдарда», «заңдарды», «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заңдарында», «Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен», «Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында», «заңдардың», «заңдармен», «заңдармен жүктелуi», «Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңында», «заңның», «заңдарда залалды толық өтеу құқығы шектелуі мүмкін», «Борышкер заңдар», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңында», «заңнан», «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
1-тармақта:
«Заң күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен)» деген сөздер «конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1, 2-тармақтарында» деген сөздер «1 және 2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы» деген сөздер «Орталық мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптағы «басқа мемлекеттердiң азаматтары» деген сөздер «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 85-баптың 3-тармағындағы «акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.» деген сөздер «, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн.» деген сөздермен, 105-баптың 2-тармағындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 127-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге.»;
2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 139-баптың 5-тармағының екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен, 167-баптың 4-тармағындағы «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен, 230-баптың 4-тармағындағы «осы Кодекстiң ортақ үлестi меншiк туралы қалыптары қолданылады, егер осы тараудың нормаларында өзгеше көзделмесе, басқа заң актілерімен немесе бiрлескен қызмет туралы шартпен» деген сөздер «, егер осы тараудың нормаларында, басқа да заңдарда немесе бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің ортақ үлестік меншік туралы нормалары қолданылады» деген сөздермен, 242-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі, 245 және 246-баптардағы «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 282-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде және 307-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 14-1-баптың 2-тармағының 10-1) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 32-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 36-баптың 1-тармағының алтыншы абзацындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 84-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актiлерiн» және «заңнамалық актiлерiне» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарын» және «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағындағы «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне», «пайдалануға құқығы бар» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығына», «пайдалану құқығына кепілдік береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 57-баптың 2-тармағында:
2) тармақшада:
екінші абзацтағы «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана» деген сөздер «астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар)» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың қауымдастықтары (одақтары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацындағы «тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер «астананың, тиісті облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 82-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі «Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының» және «Парламентінде» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Халық Кеңесінің» және «Құрылтайында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «Парламенті» және «Парламентінің» деген сөздер тиісінше «Құрылтайы» және «Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 129-бапта:
4-1-тармақтағы «144-4,» деген цифрлар «144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «4-тармақтарын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацы «131-1-бабын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «Осы» деген сөз «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «және 131-1-бабын» деген сөздер «, 131-1-бабын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1-тармақтың бірінші абзацындағы «144-4 және 157-баптарын» деген сөздер «144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын және 157-бабын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ «139-баптарын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасында санамаланған қатынастарға осы Кодекстің 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады.»;
13-тармақтың екінші бөлігі «және оларға осы Кодекстің 153-бабы 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың бірінші абзацы «131-1-бабын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 153-баптың 1-2-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «жергілікті атқарушы органдар» деген сөздерден кейін «, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзу, сондай-ақ келісімшарттың не келісімнің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту;»;